2026 жылдың 13 сәуірінде профессор ассистентi Л.К. Тукаева №4 қалалық клиникалық ауруханада С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің (ҚазҰМУ) ішкі аурулар кафедрасының төртінші курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және нөлдік төзімділік» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұжырымдамасын, оқу кезінде адалдық пен ашықтықтың берік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығын және әрбір болашақ дәрігердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлін талқылады. Кәсіби этика қағидаттарына, пациенттер мен қоғам алдындағы жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне нөлдік төзімділікпен қарау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Біз адалдық өз мамандығының негізі болып табылатын мамандар буынын қалыптастырып жатырмыз.
Тұрақты даму мақсаты 3 – Мықты денсаулық және әл-ауқат.
Тұрақты даму мақсаты 4 – Сапалы білім.
Тұрақты даму мақсаты 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар.
