ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

2026 жылғы 29 мамырда «№15 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК клиникалық базасында ЖДП-2 кафедрасының оқытушылары  «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға консультативтік және профилактикалық көмек көрсету, сондай-ақ кішкентай қатысушылар мен олардың ата-аналары үшін мерекелік әрі достық атмосфера қалыптастыру болды.

Акция аясында кафедра қызметкерлері тарапынан келесі жұмыстар ұйымдастырылды:
• балаларға профилактикалық тексерулер мен консультациялар жүргізу;
• денсаулық, дұрыс тамақтану және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар беру;
• балалар денсаулығын нығайту мәселелері бойынша ата-аналармен әңгімелесу;
• ақпараттық материалдар тарату.

Іс-шараға оқытушылар – м.ғ.д., профессор Қ.К. Орынбасарова, қауымдастырылған профессорлар – З.Г. Давлетгильдеева, Е.Т. Кошербеков, А.Б. Смагулова, Хайбуллина Г.М.(ЖДП-1), профессор ассистенттері – М.Қ. Әкімжан, К.Б. Таджибаева, А.Ж. Дүйсенбаева, К.С. Латкина, А.Ж. Жадыкова, Э.О. Жакупбаева, И.Е. Михайлова қатысты.

Акция жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірге ие болды және балалар денсаулығын қорғау мәселелеріне деген назардың артуына ықпал етті.

Осындай іс-шараларды өткізу – кафедраның әлеуметтік және тәрбиелік қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Акция  балаларды қолдауға, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және гуманитарлық құндылықтарды дамытуға бағытталған.