Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы қызметкерлері
ЖМ мектебінің тьюторлық 3 курс студенттерімен бірге Алматы қаласы «Ақыл есінің дамуы қалыпты жетілмеген (даму ерекшелігі жетілмеген) балаларға арналған арнайы (түзету) №2 бөбекжай балабақшасында мейірімділік шара өткізді.
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының тьюторлары кафедраның жылдық жоспарына сәйкес 2018 жылдың 3 сәуірінде ЖМ мектебінің 3 курс 015-021-1,2 топ, 015-022-1,2 топ, 015-023-1,2 топ, 015-024-1,2 топ, 015-025-1,2 топ, 015-026-1,2 топ студенттерімен қамқорлыққа алынған №2 ақыл-есінің дамуы қалыс қалған балаларға арналған балабақшасында тәрбиеленушілерге қайырымдылық шараларын өткізді.
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Б.К. Нургалиева сөз алды. Қайырымдылық шарасына қатысқандар: доценттер Китуева Р.Н., Умарова С.У., доц. Ижанова А.К., тьюторлар асс. Сулейменова А.С., асс. Тукаева Л.К., асс. Мустафина А.Ж., асс. Мадиева Р.Ч., доц. Идрисова Г.Н., асс. Мустафин А.Б., асс. Мадиева Г.Ж., асс. Абильбекова Г.А., асс. Намазбаева Ж.Е.
ЖМ мектебінің 3 курс тьюторлық топ студенттері балаларға арналған ертегі қойылымын дайындап, шеберлікпен ойнап шықты. Қыздарымыз іс-шара көктемге, Наурыз мейрамы қарсаңына сәйкес болғандықтан мерекелік ән шырқап, күй ойнап, би биледі. Жас бүлдіршіндер әсіресе ертегіге таңданып, тамашалаумен болы. Мерекенің соңында балабақшаға әдістемелік жұмыстарына қажетті ұлттық киім киген қуыршақтар сыйға тартылды. Балаларға тәттілер мен жеміс-жидектер таратылды.
Балабақшаның меңгерушісі Зипарова Г.А. және тәрбиеші Бекмуратова Г.К. тәрбиелеп отырған балаларға көңіл бөліп, кішкентай болсын көңілдерін жадыратар іс-шара жасап жатқан жастарға алғыстарын білдірді.