«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де антикоррупцияға бағытталған іс-шараларына орай «Альма Матер» лидерлік-дебат клубының және оның белсенді мүшесі жалпы медицина факультетінің І курс студенті Сандыбек Әлібектің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 26-ақпан күні М.Маметова атындағы №1-аудиторияда «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты ұранда жалпы медицина факультетінің І-курс студенттері Абибала Айжан мен Әскербекова Аяулым және оларға қарсы фармация факультетінің І курс студенттері Сартай Жүрсінай мен Касенова Бекзат тартысты да, қызықты дебат ойынын көрсетті. Ойын нәтижесінде жиналған студенттер жемқорлықтың — ұлы індет екенін түсініп, оған төтеп беру үшін бастысы өзгеден емес өзінен бастау керек екендігін ұқты.