Мен, Алтынбек А.Б, 2013-2014 жылғы биохимия пәнінен өткен емтиханның II сатысында тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысқан болатынмын. 12- 001-05 аралығындағы топтар қатысқан бұл сынақта ешқандай студент жазғы оқу жылына қалдырылмады. Студенттер өз көрсеткен біліміне сай дұрыс бағаланды.
Экзаменаторлар ретінде доценттер:
- Ерджанова С.С
- Жақыпбекова С.С
- Киргизбаева А.А студенттерді қабылдады.
Экзамен ашық сыпайылы формада өтті. Бұл топтардың арасындағы студенттердің бәрі де білімдерін қажетті деңгейде көрсетіп , объективті , әділ түрде бағаланды. Биохимия кафедрасы білімді де ,білікті болашақ мамандар даярлау барысында өз үлестерін қосты. Университетіміздің ұстанып отырған «Таза сессия » немесе «Жемқорлыққа жол жоқ» атты іс –шараларын биохимия кафедрасы толықтай қолдайтынына тағы да бір көзімізді жеткізгендей болды. Мұғалімдердің білімі жоғары сапалы деңгейде және де өз білімдерін студенттерге үйрету үшін жыл бойына барын салды. Студенттерді ашық жылы қабақпен қабылдай білген кафедра мүшелеріне, қабылдаушы экзаменаторларға да алғысымыз шексіз. Кафедра меңгерушісі Шарипов К.О мырзағада айтар алғысымыз шексіз.
Ешқандай ұсыныстар және ескертулер болған жоқ.