ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

17.11.2015ж сағат 1000 Алматы қаласы Теміржол ауруханасында Гистология модулінің жетекшілігімен  жалпы медицина факультетінің 13-27-01, 02 топ студенттері ашық сабақ өткізді. 2015жылды қорытылай келе Алматы қаласында өрт жағдайлары жиілеуіне байланысты «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» атты тақырып қарастырылды.  Өрт кезіндегі ережелер, өзін-өзі ұстау психологиясы, алғашқы іс-әрекеттер жайлы мәліметтер айтылды. Өрт кезіндегі іс-әрекеттерді білу дәрежесін анықтау мақсатында сұрақ-жауап жүргізілді.