Студенттердің ғылыми-зерттеу жумысы өз жұмысында қазіргі заманғы медициналық ғылымның жетістіктерін қолдана алатын жоғары квалифицирленген мамандарды дайындауда негізгі құрамдық бөлігі болып табылады. Студенттер және резиденттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады, соның ішінде кафедраның гранттық жұмыстарына қатысады. Студенттер ҚР бірінші президентінің фондының «Студенттер-туберкулезге шалдығу қаупі жоғары топқа жататындар » гранттық тақырыбының орындалуына қатысты. «Студенттер арасындағы туберкулездің профилактикасы бойынша шараларды өңдеу» университет ішілік грантының орындалуына қатысады.
Бүкіл әлемдік туберкулезге қарсы күрес жүргізу күніне арналған жыл сайынғы өткізілетін ғылыми – практикалық конференцияға студенттер белсене қатысты. Ол 2013 жылы 29 наурыз айында өтті. Онда қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі презентациялады жоғары деңгейде өз бетінше баяндады. Ғылыми басылымда туберкулездің проблемасы жайында студенттер мақала басып шығарды.
Профессор А.С. Ракишева басшылығымен кафедрада жыл сайын студенттік үйірме жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысушы студенттер- фтизиатрияның өзекті мәселелері бойынша туберкулезді емдеудің және алдын алудағы жаңа әдістерді қолдану арқылы зерттеу жүргізеді. «Туберкулез емінде нанотехнологияларды қолдану» атты студент жұмысы Бірінші Президент Фондының алтын иегері атанды.
2014 жылы студенттер Куламкадырова Н. және Бакубаева Р. «Интеграция студенческой науки в международной пространство, посвященной 125-летию С.Д. Асфендиярова» жас ғалымдар және студенттердің халықаралақ тәжірбиелік конференциясынан бірінші орынды иеленген. жоспарланған тақырыптар:
2015 жылы студенттер: Айтжанова А., Танабаева А., Кадирова К., СҒЗЖ бойынша университет ішілік конкурстан 1 деңгейлі диплом алды. стали победителями внутривузоского конкурса НИРС и получили степени.
2016 жылы ЖМ факультетінің 4 курс студенті Майдан А. ҚазҰМУ нің СҒЗЖ конкурысында ең жақсы баяндамасы бойынша Диплом алды.
2017 жылы 5 курс ЖМ студенттері Сапарова Т. И және Жунисова М университетішілік СҒЗЖ бойынша конкурстың жеңімпаздары атанып, 1 дәрежелі Дипломға ие болды (жетекші профессор Ракишева А.С.)