Ғылыми-зерттеу жұмысы

№ 2 ЖТД кафедрасындағы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есеп беру

№ 2 ЖТД  кафедрасында “Амбулаторлы театр” атты ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Бұл үйірме құрамына ЖМ 5 курс студенттері және ЖТД-интерндері кіреді. Ғылыми-зерттеу жұмысы жоспары бойынша үйірме кездесулері өткізіледі. Кафедра мұғалімдерінің басқаруымен НСК мүшелері баяндамалар мен презентацияларды дайындайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 кезеңде- кафедра ішілік және университет ішілік деңгейде өткізіледі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жауапты доцент Е.Т.Кошербеков және көмекшісі ассистент И.С.Ясаков.

03.11.2021 ж. “Амбулаторлы театр” атты ғылыми үйірменің кездесуі өтті. Кафедра ішілік кезеңде 8 баяндама тыңдалды ( 6 интерн жұмысы және 5 курс студенттерінің 2 жұмысы). Кафедра ішілік кезеңнің нәтижесі бойынша 4 жеңімпаз (ЖМ интерндерінің 3 жұмысы және ЖМ 5 курс студентінің 1 жұмысы) және олар 2 (университет ішілік) кезеңге қатысуға жолдама алды:

Жұмыс тақырыбы Толық аты-жөні Жетекші
1  COVID-19 бен ауыратын науқастарды кешенді бағалау (ағылшын тілінде) Интерн 15-075-02 гр.

Байкадам А.

Доцент Аманкулова Ж.
2 COVID-19 бен ауырып жазылғандардың кеш салдарлары (ағылшын тілінде) Интерн 15-076-01 гр.

Төрегелді Г.

Ассистент Ясаков И.С.
 3 Балалардағы ЖРВИ ағымының ерекшеліктері(қазақ тілінде) Интерн 15-026-02 гр.

Малданова А

Асс. Әкімжан М.Қ.
 4 Майлы гепатоздың сонографиялық маркерларын анықтау(орыс тілінде) ЖМ 5 курс студенттері

Гавриленко А.И.

Кусшибекова К.Т.

Ассистенттер Грушевский В.Е.

Грушевская Г.М.

15.02.2022 ж. Онлайн форматта университет ішілік кезеңі өтті (ZOOM-конференц)

Университеттің конкурстық комиссиясы 2-дәрежелі дипломмен “Майлы гепатоздың сонографиялық маркерларын анықтау” ЖМ 5  курс  студенттері А.И.Гавриленко, К.Т.Кусшибекова,  ғылыми жетекшілері № 2 ЖТД кафедрасының ассистенттері Грушевский В.Е. және Грушевская Г.М. марапатталды.

“Үздік инновациялық идеясы” номинациясы бойынша 076-01 тобының студенті Төрегелді Г.  “COVID-19 бен ауырып жазылғандардың кеш салдарлары” марапатталды.

№ 2 ЖТД кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жауапты, доцент                                 Кошербеков Е.Т.