Кафедра студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2017-2018 оқу жылында 7-курс интерні Нурмухаммад Фриба «Молекулалық аллергология» баяндамасымен интернатура және резидентура студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының 2-турына қатысты.
ҰҒК отырыстары ай сайын жоспарға сәйкес өткізіледі. Кафедрада өткізілген Молекулалық аллергология үйірмесінің нәтижелері: 1 орын «Молекулалық аллергология – аллергиялық реакциялар диагностикасының жаңа бағыты» – Д.Ташенов (клин.жетекшісі Ж.Б. Испаева). 2 орын «Молекулалық аллергия диагностикасы» – А. Айтмағамбет (клин.жетекшісі Ж.Б. Испаева). 3 орын «Аллергия диагностикасының заманауи тәсілдері» – А.Айдарбек (клин.жетекшісі Ж.Б. Испаева).
АСИД жүргізу барысы (тері сынамалары)
Phadia (Thermo Fisher Scientific)
2019 жылы аллергология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Ж.Б. Испаева басшылығымен Университет клиникасы БМСК және диагностика орталығында аллергология бөлімі ашылды, онда Алматыда алғаш рет аллергияны диагностикалаудың инновациялық және дәл әдісі – Phadia (Thermo Fisher Scientific) анализаторында ең кең таралған аллергендермен компонентті молекулалық аллергия диагностикасы жүргізіледі, сонымен қатар университет клиникасының деңгейіне сәйкес келетін және Қазақстан Республикасында молекулалық аллергологиялық диагностиканың қажетті көлемін қамтамасыз ететін скринингтік диагностика – балаларға арналған Фадиатоп және ересектерге арналған Фадиатоп.