Қазақстан Республикасындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті реформалау 1998 жылы жалпы тәжірибелік дәрігерлерді дайындаудың сапалы жүйесін құруды талап етті, Отбасылық медицина және емхана мамандарын даярлау кафедрасының базасында жалпы тәжірибелік дәрігерлерді жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау бөлімі ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі профессор, медицина ғылымдарының докторы Бегимбетова Р.С.болды.
2000 жылдан бастап кафедраны Қазақстан Республикасының ревматология саласындағы көрнекті ғалымы – профессор, медицина ғылымдарының докторы Сейсенбаев А.Ш. басқарды.
2011 жылдан бастап кафедраны профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы кардиологтар қоғамының мүшесі Құлтаев М.С. басқарды
2012 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен кафедра атауы өзгертіліп, «№1 Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің интернатура және резидентура кафедрасы» деп аталды.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедраны профессор, медицина ғылымдарының докторы Тажиева А.Е. басқарады. (ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі).
Кафедра ұжымы әртүрлі бейіндегі мамандармен – жалпы тәжірибелі дәрігерлерімен, терапевттермен, педиатрлармен, хирургтармен, акушер-гинекологтармен және басқа да байланысты мамандықтардың дәрігерлерімен
- 2 ғылым докторлары – профессор, м.ғ.д. Тәжиева А.Е. (ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі), профессор, м.ғ.д. Жанкалова З.М. (тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) Сыртқы сарапшысы),
- 13 ғылым кандидаты-профессор, м.ғ.к. Хабижанова В.Б. (Қазақстан ревматологтары қауымдастығының мүшесі), профессор, м.ғ.к. Габдулина Г.Ж. (Қазақстан ревматологтары қауымдастығының мүшесі), м.ғ.к. ассоциацияланған профессор Ешманова А.К. (Қазақстан геронтологтары мен гериатрлары қауымдастығының мүшесі), профессор, м.ғ.к. Абдыкулова А.Б., м.ғ.к. Нұрмаханова Ж. М. (Қазақстан кардиологтары қауымдастығының мүшесі), доценттер: м. ғ. к. Ергенова З.Ж. (тәуелсіз сарапшы), м.ғ.к. Хайбуллина Г.М., (Қазақстан педиатрлары қауымдастығының мүшесі), м.ғ.к. Бисенбина Г. Ж., м.ғ.к. Матчанова М. С., м.ғ.к. Қасымова. Р.Н. (Қазақстан педиатрлары қауымдастығының мүшесі), м.ғ.к. Сайланова Д.К., м.ғ.к., Ерчина Э.Р., м.ғ.к., ассистент Джалалетдинов Н. Т.),
- 9 медицина магистрі – Есиркепова А. Ж., Абдугулова Г. З., Тулеутаева С. А., Кушимбаева К. Ш., Жапарқұлова М. Т., Исаева К. К., Асылтаева А. Б., Жарикова Б. Н., Даришева Д. А.
- 11 ассистент – Ерсеева Ж. Т., Барменбаева М. О., Кансеитова Б. Ж., Нұртаева А. А., Жұбаева Г. С., Еслепесова А. Т., Әділжан Г. Р., Есбаева Г. У. Махатова Г. Д., Омарова Х. С., Шойбекова Г. О.
Кафедраның клиникалық базалары Алматы қаласындағы қалалық көпсалалы емханалар болып табылады. Клиникалық жұмыс аясында кафедра қызметкерлері консультациялар, консилиумдар, клиникалық талдаулар және науқастарға курация жүргізеді.
Кафедра қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып, баяндамалар жасайды.
Кафедра қызметкерлері жыл сайын әртүрлі оқыту семинарларына, біліктілікті арттыруға және т. б. қатысу арқылы өздерінің педагогикалық деңгейін көтереді.
Кафедра жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 3 деңгейінде сабақ береді-бакалавриат, “Жалпы дәрігерлік тәжірибе” бағыты бойынша интернатура және отбасылық медицина бойынша резидентура.
Жыл сайын кафедра денсаулық сақтаудың бастапқы буынында табысты еңбек ететін 400-ге дейін түлек шығарады. Кафедрада үлкен оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Презентациялар, бейне кеңес беру, компьютерлік оқыту, рөлдік ойындар сияқты интерактивті оқыту әдістері енгізілуде. Интерндермен белсенді кураторлық жұмыс жалпы тәжірибелі дәрігерінің жұмысында кәсіби бағдар беру, патриотизм мен азаматтық ұстанымға тәрбиелеу шеңберінде жүргізіледі.