Тәрбиелік жұмыс

«Воспитатель!

Какая возвышенная душа нужна тут…»

Ж. Ж. Руссо

Бiздiң әріптестер университеттің белсендi өмiріне «Жалпы медицина» мамандығының  5 курс студенттерімен бірлесіп көрмелерді, мұражайларды, театрларды, концерттерді, балетті, таңымдық семинарларды, көркем мұражайларды аралап тәрбиелiк жұмыс жүргізуде.

Тұлғаның дамуына және нысананы көздейтiн шырақты қалыптастыруға ғылыми ұйымдастырылған тәрбие қажет. Тәрбиелiк жүйенің негізгі мақсаты, қоғамда сәйкесінше дамыған белсендi жаңа тұлғаны қалыптастыру. Тәрбиелік жұмысында жетекшi рөл ұстаздарда,  олар студенттерге жалпы мақсаттарды іске асыруға, тәрбиелік жұмыстың дұрыс пiшiндерін және тәрбие әдiстерiн көрсетеді.

Тәрбие жүйесінде студенттердiң назарын тәрбие болмысын, еңбекке, заңға сүйену, экологиялық, эстетикалық, физикалық, отан сүйгiштiк, азаматтыққа, олармен әңгiмелесу, пiкiр таластыру, дөңгелек үстелдер, талас және тағы басқалар арқылы олардың санасын қалыптастырамыз. Пiкiрталас, талас, дөңгелек үстел, пiкiр, iзденістер және талпыныстар  студенттерді ақиқат жолын табуға қалыптастырады. Біз студенттерге дербес өз пiкiрiн айтуға ұғып, шешiмдердi батыл қабылдауға мүмкiншiлiк беремiз.

Желтоқсан айының сегізінші жұлдызында біздің  университетіміздің  Жалпы медицина факультетінің 5-курс студенттері,13-009-1 және 13-012-1 топтарының ұйымдастыруымен (топқа жауапты Жүйке аурулары кафедрасының профессоры Туруспекова С.Т.)Алматы Энергетика және Байланыс университетінде «ЖИТС: қорқу қажет емес,білу қажет!» атты тақырыпта шара өткізілді. Ондағы мақсат жастарды ЖИТС-тің қауіптілік деңгейін,одан қалай сақтану және алдын алу керектігі жөнінде кеңінен ақпараттандыру.Бұл шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде медицина студенттері ВИЧ инфекциясы қазіргі таңдағы өте өзекті мәселердің бірі екендігін,толық анықтама беріп кететін болсақ-адамның иммунтапшылығының нәтижесінде дамитын вирус болып табылады,иммундық жүйені біртіндеп зақымдайды,ол тек адам ағзасында ғана өмір сүреді және ұзақ жылдар бойы.Ағзаның инфекцияға қарсыласу күші төмендеп, адамда өте сирек кездесетін инфекциялық аурулар дамиды.ЖИТС ВИЧ инфекциясы дамуының ең соңғы деңгейі екендігі жөнінде мағлұмат беру,сонымен қатар  ЖИТС ауруының пайда болу тарихы туралы,елімізде қашан тіркелгендігі жөнінде,оның таралуы,жұғу жолдары,және алдын алуы,қалай қорғануға болатындығы жөнінде жастарды барынша жоғары деңгейде ақпараттандыруға тырысты. Және аудиториямен тығыз байланыс орнатылды,викториналық сұрақтар қойылды,ЖИТС туралы не білетіндіктері жөнінде сауалнамалар таратылды.Тыңдалымға қатысқан Алматы Энергетика және Байланыс университетінің студенттері қойылған сұрақтарға жауап беруде барынша белсенділік танытты,олар да өз білгендерін ортаға салды,білмеген сұрақтарына да жауап алуға тырысты.Соңына таман медицина студенттері дайындаған брошюралар таратылды,ол арқылы да жастар өздеріне керекті кеңестер ала алады деген мақсатпен.Ал екінші бөлім студенттерді сергіту мақсатында театрлық скечтермен,сюжеттік жағдайлық есептермен және концерттік нөмірлермен толықты.Әрине тақырыптан тыс емес,негізгі тақырыптың аясында,яғни ВИЧ инфекциясының үш жұғу жолын, жүктілік кезінде анадан балаға,сақтанбаған жыныстық қатынас және емдеу мекемелерінде залалсыздандырылмаған шприц арқылы жұқтырылған үш тағдыр көріністе баяндалды. Домбыра шертілді,ән шырқалды.Бұл қойылған шарада медицина студенттері қазіргі заманның өзекті мәселесін жан-жақты көрсете білді , және жастардың санасына кішкене болсада сіңірілді деген ойдамыз.

Өнер əлеміне саяхат

“Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы” деген әл-Фараби атамыздың қанатты сөзі бекер айтылмаған. Бұл рөлде тəрбиешінің орны орасан зор.

Бүгін де алдындағы шәкіртіне үлгілі тәрбие бере отырып, заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал етіп отыратын адам болса, ол куратор-жетекшіміз. Туруспекова Сауле Тілеубергенқызы- біздің рухани сәулеткеріміз, өзіміздің үміті мол болашағымызды қорықпай қолына тапсыратын сенімді өкілімізге айналды. Осы орайда сол сенімді ақтай отырып, “Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан шәкірт тәрбиелеуді мерейлі мақсатым” деп жүрген біздің куратор-жетекшіміз, өткен аптада ғана бізді университет қабырғасынан тыс, әсем қаламыз Алматыда өткен «VIII-xалықаралық пианисттер фестивальіне» алып барған болатын. Концерттен алған әсеріміз өте керемет! Олай дейтін себебіміз, киелі өнерпаздар саxнасын еліміздің xалық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры,  Халықаралық пианисттер сайысының әділқазы мүшелерінің президенті және  төрағасы-Жания Аубакирова xаным өзі ашып берді. Сонымен қатар, әділқазы мүшелері қатарында шет елден келген пианиноның майталмандары Юстас Дварионас (Литва), Момо Кодама (Япония), Александр Корсантия (Грузия-США), Нан-Хи Ким (Оңтүстік Корея), Павел Нерсесьян (Россия) жас пианисттердің өнерлерін бағалады. Өзіміздің  Қазақ елінің абыройын көптеген талантты өрендер қорғады. Әділқазы мүшелері үздік деп бағалаған, xалық дауыс берген, көптің көзіне түскен-Сергей Ким бас жүлде иегері атанды, біз кураторымызбен бірге оның жеңісінің куәгері болып қайттық. Бұл тұрғыда айтарым, біздің жетекшіміздің тек білім беріп, тәрбиеге баулып қана қоймай, бізді мәдениетті болуға шақырып, руxани бойымызды тазартып, байытқан жетекшілердің бірі де бірегейі болды. Олай болса, бізді, яғни білімді ұлт болашағын тәрбиелеуде еш қателеспей, өз үлесін қосып жатқан куратор-жетекшілерімізге алғысымыз шексіз. Өйткені, ұлттың барша мұрасы білімді әрі тәрбиелі жастарға аманат етіледі.