Ғылыми-зерттеу,жұмысы кафедрада теориялық және практикалық фтизиатрияның түрлі бағыттарымен жүргізіледі. Профессор Ракишева А.С. жетекшілігімен 2009-2011 жылы ҚР ТПҰО бірге ҚР ДСМ «Дәріге төзімділіктің әр түрлі типімен туберкулездің профилактикасы бойынша шараларды өңдеу» ғылыми –техникалық бағдарламасы орындалды, 2012 жылы «Туберкулезге шалдығу қаупі бар студенттер» ғылыми зерттеу жұмысы ҚР бірінші президенті грантымен орындалды. 2013 жылы «Cтуденттер арасында туберкулездің профилактикасы бойынша шараларды өңдеу» ғылыми зерттеу жұмысы университет ішілік грантымен орындалды.
Өмір жайлы ғылыми орталығы Орталық Азиядағы Колумбия университетіндегі Қазақстан Республикасының тұрғындары арасындағы туберкулезге қабылдағыштықтың анықтайтын генетикалық және эко- социалды факторларды картировать етумен бірігіп Академик Муминов Т.А. жетекшілігімен Назарбаев университетіне грант орындалуда.