«Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына» арналған іс-шара» Ішкі аурулар пропедевтикасы курсы оқытушылары мен ЖМ мектебінің 3 курс 013-1 және 010-2 топ студенттерінің ұйымдастырылуымен 02.12.2020 ж. өткізілді.
Биылғы жылы қазақтың Ұлы Абайының туғанына 175 жыл толып отыр. Қазақтың біртуар дана Абайының 175 жылдық мерейтойына орай ҚазҰМУ Ішкі аурулар пропедевтикасы курсының ұжымы мен ЖМ мектебі 3 курс студенттері де шет қалмай, шығармашылық кеш өткізді. Іс-шара онлайн форматта, Қазақстанның әр қаласы мен ауылында қашықтан білім алып отырған жастарымыздың атсалысып қатысуымен іске асты. Іс-шарада ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, реформатор Абайдың шығармашылығына арналды. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, әндері орындалды, іс-шараға қатысушыларға викториналық сұрақ-жауаптар дайындалып, студенттер тарапынан үлкен қызығушылық танылды. Бұл өскелең ұрпаққа танымдық, тәрбиелік, рухани тұрғыда берері мол, патриоттық мәні бар іс-шара болды деп санаймыз. ҚР Президенті Қ. Тоқаев айтқандай: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық!».