№1 ішкі аурулар кафедрасының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 22 қараша күні сағат 12.00-де Профессорлық клиникада және 24 қараша күні Ішкі аурулар клиникасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өткізілді.Ішкі аурулар кафедрасының доценті, м.ғ. к. Рысбеков Е. Р. , кафедра ассистенті Сымайылова Н. бірлесіп сценарий дайындады . Іс-шара ЖМ факультетінің . 24-1 тобының 4 курс студенттерінің қатысуымен өткізілді. Шара ҚР Әнұранын орындаумен ашылды .
Іс-шараның мақсаты-студенттерді Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен таныстыру, ол үшін мемлекет бірлігі, патриотизм сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншілік, өз елі мен өз Президентін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Іс-шараға 4,5 курс студенттері, пульмонология, эндокринология және клиникалық фармакология кафедрасының ПОҚ қатысты. Көрермендер осы іс-шараға қатысқан студенттердің шығармашылығы мен шеберлігіне жоғары баға берді.
Іс-шараны ішкі аурулар клиникасының директоры С. А. Өнербаева өзінің қорытынды баяндамасымен аяқтады және Президенттің Қазақстан халқы алдындағы еңбегі туралы тағы да атап өтті , сондай-ақ барлық қатысушыларға қатысқаны үшін алғыс айтты .