«Халықаралық балаларды қорғау»

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының оқытушылары 1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне байланысты жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттерімен «Бала құқығы – алтын қазына»  атты тәрбиелік мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік-іс шара  «Padlet» виртуалды онлайн тақтаның көмегімен жүргізілді. Интерактивті тақтада оқытушылар мен  студенттер бала құқығы, отбасы туралы өз пікірлерін ортаға салып, жас бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап ізгі тілектерін жолдады.

https://ru.padlet.com/shadinovak/oaknfxl008wqmjkp