СПИД – ғасыр дерті

2019 жылдың 8 сәуір күні гистология кафедрасында (анатомиялық корпус, 209 оқу бөлмесі) ЖМ 18-010-01 топ студенттерімен ұйымдастырылған «СПИД – ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедра меңгерушісі доцент Ергазина М.Ж. және кафедраның  оқытушылар құрамы қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын – алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Студенттерді  жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХІ ғасырдың өзекті мәселесі  СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір – түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде – бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын – алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.  Сондықтан осы ауру туралы дөңгелек үстелде  мәлімдеп бердік.

Спид ғасыр дерті

 

Гистология кафедрасының

меңгерушісі, доцент                                                                     Ергазина М.Ж.