Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының тарихы тереңге бойлаған, дана халқымыздың қай кезде де еңсесі биік елдіктің, ырыс пен ынтымақтың, жаңарудың мерекесі болып табылады.
Осыған орай, №2 ЖДТ кафедрасында кафедра меңгерушісі, профессор А.Э. Мирееваның қолдауымен, ассистент А.М. Жукембаеваның ұйымдастыруымен «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр», «Ұлттық киімдер» күндеріне орай іс-шаралар өтті. Аталмыш шараға 7 курс интерндары қатысты. Шараның мақсаты білімалушылар арасында ұлттық мерекені, салт-дәстүрді көрсету және құрметтеуді дәріптеу.