«Медицина студенттері мен медицина ардагерлері: ұрпақтар байланысы» атты әлеуметтік жоба саласында 2019 жылдың 2-ші сәуірінде Жалпы медицина мектебі деканатының, фармакология кафедрасының өкілдері, Жалпы медицина мектебінің 1, 3 курс студенттері фармакология кафедрасының ардагері, доцент Каримова Равия Файзрахманқызымен кездесті.
Кездесу жылы өтті, ардагер АММИ-ң (қазіргі С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) фармакология кафедрасындағы жұмысы туралы естеліктерін айтты. Студенттер ардагердің өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық қызметі туралы сұрақтар қойды, өздерінің Университеттегі оқуы туралы пікірлерімен бөлісті. Студенттер Равия Файзрахманқызына С.Есениннің шығармашылығы ұнағаны туралы біліп, ақынның «Заметался пожар голубой» атты өлеңін оқып берген.
Фармакология кафедрасының доценті Каримова Равия Файзрахманқызымен кездесуге қатысқандар:
- ЖММ-нің деканының орынбасары, медицина ғылымының кандидаты Матмұратова Бибігүл Күнтуғанқызы
- ЖММ-нің маманы – Мұқашева Марал Сәкенқызы
- Фармакология кафедрасының профессоры, медицина ғылымының кандидаты – Қадырова Диляра Молдашқызы
- Фармакология кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымының кандидаты – Мұхаметжанова Гүлмира Советбекқызы
- ЖММ-нің 1 курс студенті – Коңыс Назым Тлевалдықызы
- ЖММ-нің 3 курс студенті – Жақсылықов Әділжан Ғалымжанұлы
Каримова Равия Файзрахманқызы, фармакология кафедрасының доценті «Университеттің, Жалпы медицина мектебінің, фармакология кафедрасының Алтын қоры» болып табылады. Ол 1944 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетінің 1-ші курсына түсіп, 1949 жылы институтты бітірген. АММИ-ді бітірген соң фармакология кафедрасына аспирантураға түскен. 1953 жылы «Қазақстанда өсетін азиялық дорба препараттарының фармакодинамикасы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 1952 жылдан бастап фармакология кафедрасының ассистенті қызметін атқарған, 1960 жылы кафедра доценті міндетіне ауыстырылған.