«Дәрігерлік мамандық – ерлік, ол жанқиярлықты,
жан тазалығын және ойдың тазалығын талап
етеді. Бұған барлығы шыдай бермейді»
А.П.Чехов
«Дәрігер – бұл мамандық емес, өмір салты».
Егер дәрігермен әңгімелесекеннен кейін
науқасқа жеңілдік болмаса,
онда ол дәрігер емес.
В. Бехтерев
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылы 10 қаңтар күнгі Жолдауы, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» мәселесіне және 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталуына байланысты өсіп келе жатқан жастарымызды қамтитын білім беру, соның ішінде атап айтатын болсақ халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсету деген сұраныстың көлемін арттыра түсу үшін білікті мамандарды дайындауды әрі қарай жетілдіруді ұсынған болатын.
Жоғарыда көрсетілген ҚР Президентінің жолдауларын іске асыру мақсатында Алматы қаласының Әуезов ауланында орналасқан №173мектеп –лицей директоры Л.М. Байымбетованың келісімімен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы хирургия кафедрасының доценті А.Қаныбекұлы үшінші курстың 5-2, 12-2 топтарының студентерімен және 10-11 сыныптың оқушыларының қатысуымен дәрігерлік мамандықты дұрыс таңдауға арналған «Медициналық борыш немесе заманауи дәрігер қандай болуы қажет!?» тақырыпқа дәріс оқыды.
Отырысты мектеп–лицейдің оқу ісінің меңгерушісі Жамал Бауыржанқызы ашып доцент А. Қаныбекұлына дәріс оқуға сөз берді.
А. Қаныбекұлы дәрігер, соның ішінде хирург мамандығының күрделілігін, жоғары дәрежедегі жауапкершілікті қажет ететіндігін, кез-келген адамның қолынан келе бермейтінлігін айта келіп, Ресейдің атақты хирургі, м.ғ.д., профессор С. Р. Миротворцевтің 1942 жылы наурыз айының 15 күні жас хирургтардың алдында дәріс оқуы кезінде, науқастарды сүю туралы: «Науқасқа деген сүйіспеншілік, – деп түсіндірді ол, – бұл өзіңді, уақытыңды, демалысыңды, тілектеріңді, көңіл көтерулеріңді құрбан ету дегенді білдіреді. Сіз «шын жүрекпен» және науқасты өзіңіздің жақын туысқаныңыз сияқты емдеу керек. Хирургия – бұл қызмет емес, ар-намыс, қуаныш, шабыт, хирургия-адамдарға бақыт, әкелер мен аналарға сүйіспеншілік әкелетін мамандық»,- дәрісінен үзінділер келтірді.
Содан кейін дәрігерлік мамандықтың еш уақытта жойылмайтындығын, керісінше оның рөлінің жылдан -жылға арта беретіндігі туралы Француз елінің белгілі жазушысы және тарихшы Андре Маруа «Ертең, бүгінгі күн сияқты науқастар болады. Ертең, бүгінгі күн сияқты білікті дәрігерлер қажет.. Ертең, бүгінгідей, медициналық киімдегі дәрігер зардап шеккен адам, кім болса да – дос немесе қарсылас, оң немесе кінәлі болған күнде де оның өмірін құтқарады. Дәрігердің өмірі бүгінгі күнге дейін сақталып қалады-күрделі, алаңдатарлық, қаһармандық және жауапкершілігі күрделі болса да», – деп айтқан өсиеттерінің қазіргі таңда маңызын жойылмағандығын ескертті. Медициналық мамандық таңдауға арналған отырыста жалпы медицина мектебінің үшінші курсының студенті 5-2 тобының старостасы Шапенова Мадина неліктен дәрігерлік мамандықтың жауапкершілігінің жоғары және жұмыс атқарудың күрделігіне қарамай дәрігерлік мамандықты таңдағаны туралы ойларымен бөлісті. Отырыс барысында хирургтық мамандыққа арналған үшінші курстың студентерінің өздері түсірген минителефильм көрсетілді. Оқу ісінің меңгерушісі Жамал Бауыржанқызы медициналық мамандықты таңдауға арналған отырыстың жоғары дәрежеде өткізілгенін қорытындылай келе доцент А.Қаныбекұлы мен Шапенова Мадинаға Мадақтама алғыс хатты ұсына отырып, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымына «шығармашылық табыстар, жетістіктер, әрбір бастамаларға сәттілік тілейміз» деген тілектерін білдірді.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы
медицина мектебінің үшінші курстың студенттері
Серкебаева Жанерке және Құрманбек Айнұр