«Егемен елім- менің!»

Жақында Республика күніне орай патологиялық физиология кафедрасында кафедра доценті В.М Сабырахметованың ұйымдастыруымен «Егемен- елім менің!» атты 3 курс жалпы медицина және педиатрия факультеті студенттерімен мерекелік іс-шара өткізілді. Іс шараның мақсаты – жастарға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Президент. «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осыған орай біз де өз тарапымыздан осы мерекені атап өттік.

Іс шараны бастамас бұрын, мемлекеттік әнұран орындалды.

Кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы сөз қозғалып, презентация қойылды.

3 курс студенті Серғазықызы Мадина Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Студенттер арасында ой сергіту мақсатында сұрақ-жауап ойыны өткізілді (викторина). Дұрыс жауап берген студенттерге кішігірім сыйлықтар тарту етілді.

Студенттер «Көк тудың желбірегені» әнін хормен орындады.
Мерекелік -іс шара соңында кафедра меңгерушісі М.К Балабекова студенттерді Республика күнімен құттықтап өз алғысын білдірді.