Гистология кафедрасының «Темекінің зияны» атты дөңгелек үстелдің қорытындысы

2019 жылдың 16 сәуір күні сағат 14.00 анатомия корпусының № 3-ші аудиториясында Гистология кафедрасының тьюторы Бекен З.Д. Жалпы медицина мектебінің 18-011-01 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Темекінің зияны» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырудағы түпкі мақсаты: Темекі шегу – уытқорлықтың бір түріне жатады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен айқындалады және жеңілірек түрде болса да, уытқорлықтың жалпы заңдылықтарымен сипатталады.  Темекі тартатын адамдардың денесіне оның түтіні уытты әсер етеді. Ол организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жүйке жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді.

Темекі түтінінің құрамы: көміртегі тотығы, никотин, 3,4 – бенз(а) пирен, азот тотықтары, никель, хром, кадмий т.с.с көптеген зиянды заттар болады. Зиянды заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.

Егер темекіні тастасаңыз:

  • 24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
  • 2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
  • 3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
  • 10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
  • 15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.

Дөңгелек үстелдің соңында студенттер қорытындалып сөз сөйледі. Сонымен қатар қонақтарымыз да өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның соңында кафедра меңгерушісі Ергазина М.Ж. сөз сөйледі.

 

Cценарий

 

Кафедра меңгерушісі,доцент:                                                                            Ерғазина М.Ж.

Кафедраның оқытушысы:                                                                             Бекен З.Д.