С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 психиатрия және наркология кафедрасы ҚР ДСМ-ның «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» базасында орналасқан. Базадағы жалпы төсек саны – 240. Олардың ішінде кафедрада курирленетіні – 200. Қалған 40 төсек сот бөлімшесінде (кафедрада курирленбейді).Кафедраға бөлінген бөлмелердің саны – 11.
Клиникалық базамен жыл сайын жаңартылып отыратын келісім шарт бар. Жыл сайын, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының емдеу-алдын алу басқармасының келісімімен, клиникалық базамен міндетті түрде орындалатын комплексті жоспар құрастырылады. Кафедрада 20 штаттық қызметкер бар. Олардың ішінде 7 медицина ғылымдарының докторы, кафедра профессорлары. Сондай-ақ, 1 доцент – м.ғ.д., 3 доцент – м.ғ.к., 8 ассистент, олардың ішінде 2 м.ғ.к. қызмет етеді. Жоғары дәрежелі дәрігерлік біліктілік 15 адамдар бар, бірінші – 2 адамда және маман сертификаты – 3 адамда.
Кафедра дәрігер-психиатрлардың, наркологтардың біліктілігін арттыруға арналған оқу-әдістемелік орталық болып табылады
Жыл сайын кафедра қызметкерлері Жеңіс күніне арналған ақысыз қабылдаулар, кеңс беру (соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне) өткізеді. Медициналық қызметкер, Балаларды қорғау күні, Психикалық Денсаулық күніне (10-қазан) арналған ашық есік күнін ұйымдастырады.
Кафедра қызметкерлерінің семинарлар ұйымдастыруы:
| № р/с | Семинарлардың атауы | Жүзеге асу мерзімі (күні) | Жауапты орындаушы | 
| 1. | Шекаралық психиатрияның актуальды бұзылыстары | ПСБ РПДҒПО ( квартал сайын) | Профессор Сарсембаев К.Т. | 
| 2. | Балалар психиатриясының актуалды мәселелері | Балалар бөлімшесіРПДҒПО ( квартал сайын) | Профессор Садуакасова К.З. | 
| 3. | Наркологияның маңызды мәселелері | Адддиктивті және суицидология бөлімшесі | Профессор Субханбердина А.С. | 
| 4. | Ступор жағдайында жедел көмек көрсету | РПДҒПО Қыркүйек 2017 ж. | Ассистент Өскенбай З.М. | 
| 5. | Психиатриядағы шұғыл жағдайлар | ҚПДО Қыркүйек 2017 ж. | Ассистент Жылкибаева С.К. | 
| 6. | Невротикалық бұзылыстардағы психотерапия | РПДҒПО Қазан 2017ж. | Ассистент Ахметова И.Н. | 
| 7. | Балалық және жасөспірім мінез-құлықтық бұзылыстар | РПДҒПО Қараша 2017 ж. | Ассистент Ибраева А.М. | 
| 8. | Психомоторлық қозу кезіндегі шұғыл көмек көрсету. | ҚПДО Қараша 2017 г. | Ассистент Жантуреева А.Б. | 
| 9. | Галлюцинаторлық сандырақ жағдайында шұғыл көмек көрсету | РПДҒПО Желтоқсан 2017 г. | Ассистент, м.ғ.к. Сейсебаева Г.Т. | 
| 10. | Психиатриядағы психотикалық және психотикалық емес бұзылыстар | РПДҒПО Қаңтар 2018 ж. | Ассистент,  м.ғ.к. Муратбаева А.Б. | 
| 11. | Суицидальды мінез-құлық факторлары және шұғыл көмек көрсету. | РПДҒПО Ақпан 2018 ж. | Ассистент Касымова Н.Т. | 
| 12. | Психикалық ауруладың психогигиена и психопрофилактикасы | ҚПДО Ақпан 2018 ж. | Ассистент Жантуреева А.Б. | 
| 13. | Шұғыл жағдайлардағы медициналық персоналдың тактикасы. | ҚПДО Наурыз 2018 ж. | Ассистент Жылкибаева С.К. | 
| 14. | Невротикалық бұзылыстары бар науқастарде емдеуде медициналық қызметкердің тактикасы. | РПДҒПО наурыз 2018 ж. | Ассистент Ускенбаева Ж.С. | 
| 15. | Оказание неотложной помощи при депрессивно-бредовых состояниях | РПДҒПО Сәуір 2018 ж. | Ассистент Өскенбай З.М. | 
| 16. | Тактика медицинского персонала при лечении больных с психотическими расстройствами | РПДҒПО мамыр | Ассистент,  м.ғ.к. Сейсебаева Г.Т. | 
| 17. | Нейролепсиялық синдромда біріншілік көмек көрсету | РПДҒПО 
 | Ассистент,  м.ғ.к. Муратбаева А.Б. | 
