Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы
Кафедра бәсекеге қабілетті, жоғары білікті Денсаулық сақтау және ғылым мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді. Мамандарды даярлау бакалавриат, интернатура, резидентура, докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету барысында, оқытудың инновациялық әдістері, білім алушылардың клиникалық ойлауын дамыту және кафедраның клиникалық базасында білімді тікелей практикада жүзеге асыру қолданылады.
Кафедраның орналасқан жері: Алматы қ. ДСБ ШЖҚ « И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК, Дегдара көшесі, 10/2.
Байланыс телефоны: +7 747 647 44 12