Жүйке аурулары кафедрасы
ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасы 1934 жылдан бастау алады. Оның ұйымдастырушысы және жетекшісі профессор Евсей Моисеевич Стеблов (1934-1956) болды. Ол бір көмекшімен және бір зертханашымен жұмыс істей бастады. Кафедрада профессор Е. М. Стебловтың мұрагері профессор Мұхаметжан Хакимұлы Фаризов болды (1957-1976жж.). Ол тәжірибелі клиник, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ғылыми қызығушылықтары кең адам болған. Профессор М. Х. Фаризов 1964 жылы Қазақстанның невропатологтары мен психиатрларының республикалық ғылыми қоғамының бастамашысы және ұйымдастырушысы болды. Қазіргі уақытта кафедра қызметкерлері халықаралық форумдарда, конгрестерде, конференцияларда неврологиялық ғылымды лайықты түрде ұсынады. Қазақстанның неврологиялық қызметінің даму тарихы жүйке аурулары кафедрасымен және ҚР неврологтарының ассоциациясы қауымдастығымен байланысты.
Неврология кафедрасы жұмысының мақсаты жүйке жүйесінің жіті және созылмалы аурулары кезінде жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін білім алушылардың білімі мен дағдыларын қалыптастыру және тереңдету болып табылады.
- Қалалық клиникалық аурухана № 1 ,№7, Орталық қалалық клиникалық аурухана, жедел медициналық көмек ауруханасы, университеттік клиника №1, №2