1991 жылдан бастап Халықаралық диабеттік федерациясы ДСҰ-мен бірлесіп жыл сайын 14 қарашаны Халықаралық диабет күні есебінде атап өтеді. Бұл күні зерттеулері инсулинді өндіруді жолға қоюға мүмкіндік берген Фредерик Бантинг дүниеге келген.
Бүгінде қант диабетіауруының қарқынды өсуі әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық мәселелерінің біріне айналып отыр. Біздің ғаламшардың шамамен 280 миллион тұрғыны осы аурудың құрығына іліккен.
Біздің елдегі жағдай да мәз емес. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, 175685 адам қант диабеті диагнозымен тіркелген. Бұл – ресми есеп. Әлі де диагноз қойылмағандары қаншама. 2025 жылы 45 жастан бастап 65 жасқа дейінгі адамдардың көпшілігі, яғни шамамен жұмысқа қабілетті жастағы 170 миллион ерлер мен әйелдердің диабетке шалдығатыны болжанып отыр.
Осыған орай 2015 жылдың қараша айының 13 жұлдызында эндокринология кафедрасы Дүниежүзілік диабетпен күрес күніне арналған С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің 85 жылдығы аясындағы «Қант диабетінің 500 сұрағы мен жауабы» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Халықаралық диабет күніне арналаған конференцияның мақсаты білім алушыларды, науқастарды ақпараттандыру, диабеттік эпидемияның алдын алу.
Конференцияға кафедра меңгерушісі, м.ғ.д, профессор Ж.Абылайұлы, м.ғ.д, профессор Нұрбекова А.А., м.ғ.к., жоғары білікті эндокринолог, диабет орталығының жетекшісі Ж.А. Аканов төрағалық етті. Сонымен қатар ұйымдастыру комитетінің мүшелері ретінде м.ғ.к., профессор Молдабек Г.К., м.ғ.к., доцент Жаппарханова З.С., м.ғ.к., доцент Большакова С.В., м.ғ.к., доцент Алипова А.Т., ассистенттер Ильмалиева А.Ж., Бөгенбаева Г.А., Тлегенов А.Ш., кафедра резиденттері, интерн дәрігерлер, ЖМ мамандығының 4 курс студенттерінің 20-1,2, 21-1,2 топтары қатысты.
Конференцияның бірінші бөлімінде білім алушылар кафедра қызметкерлерінің жетекшілігімен келесі тақырыптарда баяндамалар оқыды: «Всемирный день диабета», «Ретинопатия қаупі туралы ұмытпаңыз», «Қауіп-қатер топтарында диабеттің алдын алудың маңызы», «Қант диабеті және жүктілік», «Современные аспекты лечения диабета с позиции международных рекомендаций», «Сахарый диабет: мифы и реальность». Ал екінші бөлімінде кіші топтар арасында «Қант диабетінің 500 сұрағы мен жауабы» атты интерактивті ойын ойнатылып, жеңіп шыққан «Сульфонилмочевина» тобына профессор Ж. Абылайұлы ақшалай сыйлық тарту етті. Сонымен қатар баяндамашылар мақтау қағаздарымен, оқулықтармен марапатталды және сертификат таратылды.
Конференцияны ұйымдастыруға жауапты жас педагог ассистенттер А.Е. Мырзабаева мен А.Н. Шаметоваға алғыс жолданды.