Дөңгелек үстелді кафедра оқытушылары: м.ғ.д., профессор С.У.Каменова, қауымдастырылған профессор Г.А. Ахмеджанова, қауымдастырылған профессор А.Б. Данышбаева, қауымдастырылған профессор К.М. Мәденбай, профессор ассистенті Е.Ж. Мұратов, профессор ассистенті И.А. Жетписбаева ұйымдастыруымен, сондай-ақ 7 курс ЖМ 18-021, ЖМ 18-019, ЖМ17-019, GM 18-098, GM 18-097, ЖМ 20-040, топтарының білімалушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттер, интерндер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, нығайту. Болашақта қызмет барысында жемқорлық белгілерін ажырату және болдырмау шараларын білу.
Дөңгелек үстелге білімалушылар баяндамаларын презентация түрінде таныстырды. Баяндамада жемқорлық ұғымы, жемқорлықтың даму қатері, салдары, денсаулық жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу сұрақтары кеңінен талқыланды.
Шара соңында оқытушылар белсенділік танынтқан қатысушыларға алғысын білдіріп, жемқорлыққа қарсы сауаттылықты және мәдениетті үнемі жоғарлатып отыру маңыздылығы айтылды.