Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары: А.Б. Смагулова, А.Ш. Сейдинова, Е.Ш. Кушербаева, М.А. Сайжанова сондай-ақ ЖМ19-71, GM19-88, GM21-84, GM21-086 топтарынының интерн-дәрігерлері қатысты. Іс-шара барысында үштілділік туралы ақпарат презентация түрінде баяндамалар жасады және соңғы жылдардағы жетістіктері мен ерекшеліктерін айтып өтті. Баяндамада үштілділіктің медицина мен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері туралы да ақпарат берілді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – студенттердің бойында білім алуға деген және тіл үйренуге сананы қалыптастыру және дамыту.
Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін айтып, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, оның ішінде медицина мен денсаулық сақтау саласында үштілділіктің дамуына тілектерін білдірді.





