Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының тьюторлары кестеге сәйкес 05.02. – 17.02.2018 жыл аралығында ЖМ мектебінің 3 курс 015-021-1,2 топ, 015-022-1,2 топ, 015-023-1,2 топ, 015-024-1,2 топ, 015-025-1,2 топ, 015-026-1,2 топ студенттерімен Қалалық Паллиативтік көмек көрсету орталығында (хоспис) кезекшілік жұмыс атқарды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Нургалиева Б.К., доц. Умарова С.У., доц. Китуева Р.Н., доц. Ижанова А.К., тьюторлар асс. Сулейменова А.С., асс. Тукаева Л.К., асс. Мустафина А.Ж., асс. Мадиева Р.Ч., доц. Идрисова Г.Н., асс. Мустафин А.Б., асс. Мадиева Г.Ж., асс. Абильбекова Г.А., асс. Намазбаева Ж.Е.
Тьюторлық топ студенттері орталықтың барлық №1, №2, №3 онкологиялық бөлімдерде 30 төсектен барлығы 90 науқасқа арналған орталықта науқастарды әртүрлі зерттеулерден өту барысында тасымалдауға, тамақтандыруға, медбикенің көмекшісі ретінде науқастарға жамбасқа, көктамыр ішіне ине салуға көмектерін беріп, тануға арналған дәкелерді дайындап, жараларды тануға қатысты. Егде жастағы және өте ауыр жағдайдағы әсіресе онкологиялық науқастарға киініп, шешінуге, үлкен және кіші дәреттерін алуға көмектерін берді. Дәрігерлер мен кіші медперсоналдардан ауыр хәлдегі науқастарға күтімді қалай жасау қажеттігін, дәрігерлік этика мен деонтологияға үйренді, медициналық құжаттармен танысып, сырқаттанамалардың қалай толтырылатындығын көрді. Студенттерді орталыққа апармас бұрын кафедрада кураторлық сағаттар өткізіп, паллиативті күтімді қажет ететін науқастармен қарым-қатынасты қалай құру керектігі туралы, дәрігерлік этика мен деонтология негіздері тақырыптарында шағын баяндамалар жасалды.
Тьюторлық топ студенттерінің Қалалық Паллиативтік көмек көрсету орталығында (хоспис) кезекшілік атқарып, әртүрлі патологиялармен жатқан науқастарға күтім жасауды қазірден бастап көріп үйренгендері өте құптарлық жағдай, сондықтан бұндай іс-шаралар жылдан жылға өз жалғасын тауып отыруы қажет.