«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы жалпы білім беру пәндерінің типтік оқу бағдарламасына, кафедраның жұмыс жоспарына және оқытушылардың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Кафедра университеттің барлық факультеттерінің бірінші және екінші курс (стоматология) студенттерімен оқу әдістемелік жұмыс жүргізеді. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы келесі бағыттарда ұйымдастырылған:
– оқу үдерісін кешенді-әдістемелік қамтамасыз ету;
– кафедра оқытушыларының өзара сабаққа қатысуы;
– оқытудың инновациялық әдісі мен түрлері;
– оқу-әдістемелік құралдар шығару;
– пән бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;
– ағымдағы және қорытынды бақылау сұрақтарын әзірлеу;
– оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар әзірлеу.
– оқу үрдісін және студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулықтарын әзірлеу жұмысы интернетті және мультимедиялық технологияларды қолдана отырып ұйымдастырылады. Кафедра оқытушылары жұмыс барысында студенттердің білімін бағалауда әр түрлі әдістер қолданады, яғни тест тапсырмалары, ситуациялық есептерді шешу.