Оқу-әдістемелік жұмыс

«Өз жұмысын талдай алатын мұғалім күшті, тәжірибелі болады»

В.А.Сухомлинский

 

«Егер мұғалім жұмысқа деген сүйіншілікті және студенттерді біріктірсе, ол тамаша ұстаз».

Л.Н.Толстой

Білім беру сапасы нейрохирургия курсымен жүйке аурулары кафедрасында оқытылатын пәннің әдіснамалық қамтамасыздандыру деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік кешен арқылы жүзеге асырылады.

Біздің университеттің білім беру саясаты кәсіби білім мен дағдыларды талап ететін біліктілікке негізделген білімге бағытталған. Сабақтың алғашқы күнінен бастап, біздің студенттеріміз әр сабақтың тәжірибелік сабақтарында тәжірибелік дағдыларды меңгеруді ынталандыратын сила-бустермен, пән саясатымен және критерийлермен танысады.

Білімді бақылауды біз екі кезеңмен бағалаймыз. Емтиханның бірінші кезеңі – теориялық білімдерін  MSQ тесттерімен тестілеу арқылы бағаланылады, ол тесттер орыс және қазақ тілдерінде әзірленіп, кафедра мәжілісінде бекітілген.

Екінші кезең үшін біз объективті құрылымдық клиникалық емтиханды (OSKE) таңдадық ол талаптарға толығымен жауап береді және емтихан алушы мен емтихан тапсырушыға дұрыс баға береді.

Барлық пәндер бойынша ПОӘК бар, олар кафедраның, ББК және университет Әдістемелік Кеңесінің мәжілістерінде қарастырылған және бекітілген. Жұмыс бағдарламалары, әдістемелік кешендер мен нұсқаулықтар студенттер құзыреттіліктерінің 5 түрі бойынша құрастырылған (білім, дағдылар, өзін-өзі дамыту, қарым-қатынас дағдылары және денсаулық сақтау адвокаты). Әрбір сабаққа мемлекеттік және орыс тілдерінде PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентациялар бар. Сонымен қатар, сабақтың әрбір тақырыптары бойынша оқу видеофильмдері, анимациялар және электронды тасымалдаушыларда   ақпараттық блоктар қолданылады. Осылармен қоса, кестелер, алгоритмдер, схемалар түрінде жеткілікті көрнекі материалдар бар.

Біздің оқытушылар тәжірибелік сабақтарда белсенді оқыту әдістерін пайдаланады: – проблемалық оқыту (оқытушы проблемалық жағдайды тудырады – жағдайлық тапсырма, проблеманы шешудің ықтимал тәсілдерін ұжымдық талқылауды ұйымдастыру, студенттер өз нұсқаларын дәлелдермен, тұжырымдармен ұсынуы керек). «Милық-шабуыл» студенттерде логикалық ойлау, көшбасшылық, есте сақтау, синтездеуді белсендендіреді.

Тәжірибелік сабақтарды өткізу кезінде оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылды: рөлдік ойындар, ситуациялық есептер (кейстер), топтық пікірталастар, нақты кәсіптік жағдайға максимальды жуықтауды қамтамасыз ететін және әр студенттің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін шағын топтарда оқыту.

Студенттің өзіндік жұмысы әртүрлі білім беру іс-шараларын орындау кезінде жүзеге асырылады. «Неврология» клиникалық пәнінің ең көп тараған түрі – оқу әдебиетімен жұмыс істеу. Біз түпнұсқа дереккөзді дұрыс қолданып, мәтіннің негізгі ойларын айқындауға үйретеміз. Студенттер эссе, презентациялар, кроссвордтар және т.б. жасауға міндетті.
Студенттің өзіндік жұмысы шешім қабылдауға, әдебиеттерді өңдеуге ғылыми көзқарастың тәжірибесі, тәжірибелік қызметтің тәжірибесін талдауға ынталандырады. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы оқытушының нұсқау беруі арқылы жүзеге асырылады, ол күрделі мәселелерді және студенттердің мәселелерін шешуге арналған тапсырмалар беріледі. Жұмыстың бұл түрі тәжірибелік дағдыларды меңгеру, мәселені шешу, студенттердің қызығушылығын қалыптастыру, жұмыстарына оң эмоциялар жасау болып табылады.