Желтоқсан айының 5- жұлдызы күні Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында “Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасы және Жалпы медицина мектебінің 3- курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай “Тәуелсіздік – тірегім,елім деп соқсын жүрегім” атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Іс-шара Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу мақсатында бір минут үнсіздікпен басталып,ерен ерлердің еңбектері,тәуелсіздік туын,қазақтың көк байрағын биік көтеру жолында жасаған ерліктері дәріптеліп,ұмытылмас қазына екені аталып өтті. Басты құндылығымыз – Егемендікті ұлықтау мақсатында студенттер өлең шумақтарын оқып,іс-шара соңы өнерпаз студенттердің орындауындағы әнмен аяқталды.