Битанова Эльмира Женисхановна
Кафедра меңгерушісі, ассоцирленген профессор
1 | Аты-жөні | Битанова Эльмира Женисхановна |
2 | Лауазымы | Кафедра меңгерушісі |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | м.ғ.к., ассоцирленген профессор |
4 | Педагогикалық өтілі | 26 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6 | Битанова Эльмира Женысхановна, Қазақ Мемлекеттік медициналық университетті 1997 жылы тәмамдаған және осы уақыттан бері жалпы иммунология кафедрасында біртіндеп тағылымгер-зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент және профессор қызметінде жұмысын жалғастыруда. 2014 жылдан бастап осы кафедраның меңгерушісі міндетін сәтті атқарып жүр. Иммунология мен аллергология саласы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар.
Сонымен бірге Эльмира Женысхановна «Жалпы иммунология» мен «Общая иммунология» кітаптарының үш басылымының, «Общая иммунология» мен «Жалпы иммунология» екі электронды кітаптардың, пән бойынша оқу фильмдерінің және бірнеше электронды оқу құралдарының бірлескен авторы болып табылады. Битанова Э.Ж. ғылыми, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-тәрбиелік жұмыстарды қатар атқарады. Жариялымға шыққан 60 ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. Ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру, жүзеге асыру, гранттық қаржыландыруды табуға үнемі қатысады. Зерттеулерге жетекшілік етеді және жас ғалымдарға кеңес береді. Соңғы 5 жылда оның меңгеріп отырған кафедрасы 2 магистрантты дайындап шығарды және қазіргі уақытта медицина мамандығы бойынша 2 PhD-докторантты және 1 магистрантты дайындауда. Эльмира Женысхановна 10 жыл бойы бастапқыда мәселелік комиссия, ал қазір «Өмір туралы ғылым» ғылыми комитеттің мүшесі болып табылады. Осы саладағы ғылыми жұмыстарды рецензиялау мен қарсы пікір білдіру бойынша үлкен жұмыс атқарып отыр. Жас ғалымдар ғылыми жұмыстары байқауының ұйымдастырушылық комитетінің құрамында бар. Сонымен қатар Эльмира Женысхановнаның жетекшілігімен иммунологиялық зерттеулер саласында халықаралық ынтымақтастық Германия, Ресей Федерациясы, Италия, Өзбекстан және т.б. елдерімен белсенді дамып отыр. |
Профессор
м.ғ.к., доцент
1 | Аты-жөні | Тарабаева Анель Саидовна |
2 | Лауазымы | Профессор |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | м.ғ.к., доцент |
4 | Педагогикалық өтілі | 35 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6
|
Тарабаева Анель Саидовна ҚазҰМУ иммунология кафедрасында 1984 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰМУ-да клиникалық иммунология курсының негізін қалаушылардың бірі, 80-нен аса басылымдардың авторы болып табылады. Кафедраның ғылыми жұмыстарын жүргізу бойынша жауапты. «Оптимизация таргетной терапии больных ревматоидным артритом» атты ғылыми жобаның жетекшісі болған. Бірнеше ғылыми жобалардың УҒҰ мүшесі болып табылады. Ағылшын тілін жетік меңгерген. ҚР ДСМ төсбелгісімен, ҚР ДСМ мен ҚазҰМУ алғыс хаттарымен марапатталған. |
м.ғ.к., доцент
1 | Аты-жөні | Бижигитова Бейбитгуль Байсултановна |
2 | Лауазымы | Доцент |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | м.ғ.к., доцент |
4 | Педагогикалық өтілі | 25 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6
|
Бижигитова Бейбитгуль Байсултановна 1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университетін тәмамдап, сол уақыттан бері кафедрада қызмет атқарып келеді. 2004 жылы аллергология мен иммунология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертацияны қорғады. 60-тан аса ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде «Общая иммунология» (2008, 2009, 2014 жж.) мен «Жалпы иммунология» (2008, 2009, 2017 жж.) кітаптарының үш басылымының, иммунология бойынша түсініктеме сөздіктің, жалпы иммунология бойынша анимациялық фильмдеріне берілген 6 авторлық куәліктің бірлескен авторы болып табылады. Студенттерге арналған 8 ғылыми-әдістемелік құралдарды дайындап, басылымға шығарған.
Б.Б. Бижигитова кафедраның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ғылыми-тәжірибелік жобаларды орындауға үнемі қатысады. Оқу үдерісіне оқытудың жаңа әдістерін белсенді түрде енгізеді. |
м.ғ.к., доцент
1 | Аты-жөні | Жубантурлиева Айнагуль Баубековна |
2 | Лауазымы | доцент |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | м.ғ.к. |
4 | Педагогикалық өтілі | 29 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6
|
Жубантурлиева Айнагуль Баубековна 1993 жылы Алма-Ата мемлекеттік медициналық институттың емдеу факультетін бітірген.
1993 жылдан 1994 жылға дейін Алматы облыстық клиникалық аурухананың кардиологиялық бөлімшесінде дәрігер-интерн болып жұмыс істеген. Ал 1994 жылдың қыркүйек айында АММИ иммунология курсымен жұқпалы аурулар кафедрасына аға лаборант ретінде, қосымша осы кафедраның клиникалық иммунология курсына 0,5 ст. ассистент ретінде жұмысқа қабылданды. 1995 жылдың қыркүйек айында осы кафедраның клиникалық иммунология мен аллергология курсының ассистенті қызметіне ауыстырылды. 2008 жылдың 1 ақпанында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ имунология мен аллергология кафедрасының клиникалық иммунология мен аллергология курсының доценті қызметіне ауыстырылды. Кафедраның клиникалық курстарында жұмыс істеп жүріп, Жубантурлиева А.Б. ізденуші болып, ғылыми жұмыспен айналысқан. 2005 жылы «Иммунореабилитация больных с хроническими обструктивными болезнями легких» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, ғылыми зерттеудің нәтижелері бойынша предпатент алынған. Жубантурлиева А.Б. шетел және отандық журналдарда басылып шыққан 40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы; 2014 жылы басылып шыққан «Общая иммунология» кітабының және тәжірибелік дәрігерлерге, студенттерге арнап мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған оқу-әдістемелік құралдардың бірлескен авторы болып табылады. Жубантурлиева А.Б. 2006 жылдан бері жоғары дәрігерлік санатқа ие, аллергиялық аурулар, иммунды тапшылық жағдайларды анықтау мен емдеудегі заманауи жаңа әдістердің барлығын меңгерген, өзінің тәжірибелік және ғылыми әлеуетін кеңейтуде, диагностика мен науқастарды емдеу бойынша медицинаға жаңашылдық енгізуге талпынады.
|
м.ғ.к., доцент
1 | Аты-жөні | Нурмухамбетова Алия Адильсаривна |
2 | Лауазымы | Доцент |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | м.ғ.к. |
4 | Педагогикалық өтілі | 24 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6 | Нурмуханбетова Алия Адилсарина Алма-Ата Мемлекеттік медициналық институттың емдеу факультетін 1996 жылы тәмамдаған. Институтты бітірген соң 1996 жылдан 1998 жылға дейін Қазақ Мемлекеттік медициналық университеттің иммунология мен аллергология кафедрасында клиникалық ординатурадан өтті. Клиникалық ординатураны бітірген соң сол кафедраның аспирантурасына түсіп, оны 2003 жылы бітірді. 2003 жылдан бастап осы уақытқа дейін иммунология мен аллергология кафедрасында ассистент, аға оқытушы, ал 2012 жылдан бастап доцент қызметінде жұмыс істеп келеді.
2003 ж. «Суббукальная иммунотерапия больных поллинозом» тақырыбы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге ұсынылған диссертациясын қорғады. Жалпы жұмыс өтілі – 27 жыл; педагогикалық өтілі – 24 жыл. Нурмуханбетова А.А. «иммунология мен аллергология» мамандығы бойынша клиникалық ординаторларға арналған жұмыс бағдарламасының, иммунолог-аллерголог дәрігрлеріне біріншілік мамандандырылуға және біліктілігін жетілдіру курсына арналған жұмыс бағдарламасының, студенттерге арналған негізгі және элективті курстар бойынша жұмыс бағдарламаларының бірлескен әзірлеушісі болып табылады. 50-ге жуық ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. 2 өнертабысқа предпатенті бар. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарды, силлабустарды қайта өңдеуге, аралық бақылау мен қорытынды бақылауға арналған әр түрлі деңгейдегі тесттік тапсырмаларды жасау және қайта өңдеуге белсенді қатысады. 2018-19 оқу жылында академиялық мобильділік бағдарламасын жүзеге асыру аясында доцент А.А.Нурмуханбетова ҚазҰМУ-дың ЖОО-серіктесі В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медициналық университетінде тәжірибелік сабақтар, ашық дәрістер жүргізді. |
Доцент, PhD
1 | Аты-жөні | Абильбаева Арайлым Асылхановна |
2 | Лауазымы | доцент |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | PhD |
4 | Педагогикалық өтілі | 12 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6
|
Абильбаева Арайлым Асылхановна 2010 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің педиатриялвқ факультетін үздік тәмамдаған. 2011 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасында тағылымгер-оқытушы болып жұмыс істеді. 2012 жылы «Медицина» (иммунология) мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2014 жылы «Туа біткен имунитет көрсеткіштеріне пробиотикалық өнімнің тиімділігін бағалау» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. 2017-2020ж. аралығында «Медицина» мамандығы бойынша докторантурада білім алды. Докторлық диссертация тақырыбы: «Туберкулездің ерте иммунодиагностикасында қолдану үшін M.tuberculosis диагностикалық маңызы бар антигендік компоненттерін анықтау». 2021 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 20-дан аса басылымға шыққан ғылыми мақалалардың авторы. Абильбаева А.А. .Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасында 2012 жылдан бері жұмыс істейді.
Ол International Journal of Infectious Diseases халықаралық журналының ресми рецензенті болып табылады. Ғылыми қызығушылығы – иммунодиагностика мен иммунопрофилактика. |
Лектор, медицина ғылымдарының магистрі
1 | Аты-жөні | Куашова Динара Кудретиллаевна |
2 | Лауазымы | лектор |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Медицина ғылымдарының магистрі |
4 | Педагогикалық өтілі | 11 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6 | Куашова Динара Кудретиллаевна 2011 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медико-профилактикалық ісін тәмамдаған.
2011 жылдан 2013 жылға дейін дұрыс тамақтану Ұлттық орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Алматы қаласындағы АИТВ орталығында дәрігер лаборант қызметін атқарған. 2014 жылы Қазақ үздіксіз білім беру университетіне магистратураға түсіп, оны 2016 жылы аяқтаған. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Жалпы иммунология» кафедрасында жұмыс істейді. |
Лектор, педагогика ғылымдарының магистрі
1 | Аты-жөні | Охас Іңкәр Мырзаханқызы |
2 | Лауазымы | лектор |
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Педагогика ғылымдарының магистрі |
4 | Педагогикалық өтілі | 7 жыл |
5 | Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта) | +7 (727) 338-70-90 (7296) |
6
|
Охас І.М. 2015 жылы «Биология» мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдап, 2017 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология мен биотехнология факультеті, биофизика мен биомедицина кафедрасының «Биология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2018 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде (NUGSE) Назарбаев Университетінің Медицина мектебімен (NUSOM) бірлесе отырып, «Денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша курсын» өтті. Охас І.М. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасында 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. |
2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының специалисті болып жұмыс істеді. 2023 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының аға зертханашысы болып жұмыс істеді. Ғылыми жарияланымдары: ғылыми тезистер – 7 (халықаралық конференцияларда), ғылыми мақала – 1 (ҚР БҒМ БҒСБК). 2021 жылы «ТМД үздік студенті» медалімен марапатталды; 2022 жылы студенттер арасында халықаралық ғылыми және әдістемелік конференцияда 2-ші орынды иеленді. 2022 жылы ол Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында республикалық ғылыми жұмыстар байқауында 1-ші орынды иеленді. Ғылыми қызығушылықтары: иммунобиотехнология, иммуногенетика.
1
Аты-жөні
Бериккызы Аружан
2
Лауазымы
ассистент
3
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
4
Педагогикалық өтілі
1 жыл
5
Байланыс мәліметтері (жұмыс телефоны, электронды пошта)
+7 (727) 338-70-90 (7296)
6
2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетін, 2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «7М05102-Биомедицина» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.