Омарова Гульжахан Кашкинбаевна
№1 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі-м.ғ.д., профессор
Г.К.Омарова Қазақстан және Америкалық лапароскопистер қоғамдастығының, Еуропалық гинекологтар қоғамдастығының, Еуропалық аномалдық жатыр бұзылыстар қоғамдастығының, Еуропалық эндометриоз бойынша сараптамалық Кеңесінің (SEUD), ҚР акушер- гинекологтар ассоциациясының, Қазақстандық Репродуктивті Медицина Ассоциациясының, Қазақстандық жыныс және репродуктивті денсаулық ассоциациясының мүшесі. Г.К. Омарова-ның ҚР, ТМД және шет елдердің басылымдарында жарияланған 140-тан астам ғылыми жұмысы, оның ішінде өнертапқыштыққа 11 рационализаторлық пікір мен патенттері, постерлік баяндамалар мен халықаралық конгрестерде (Сингапур, Италия, Прага, Барселона және т.б.) сөйлеген сөздері бар.
№1 акушерия және гинекология кафедрасының ұжымы.
Кафедрада 2 профессор, 26 ассистент, 3 аға лаборант еңбек етуде.
Кафедраның дәрежелілігі: 2 медицина ғылымдарының докторы, 5 медицина ғылымдарының кандидаты, MD – 1. Жыл сайын кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамы акушерия және гинекологияның өзекті тақырыптарына монографиялар, мақалалар, тезистер жариялайды. Тәжірибелік дәрігерлер, интерналар мен студенттерге арнап оқу-әдістемелік құралдар шығарады.