Балабекова Марина Казыбаевна
Лауазымы: патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, РЖҒА профессоры
Тел.: +7 707 4402502
E-mail: [email protected]
Лауазымы: патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, РЖҒА профессоры
Білімі: 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматология факультеті бітірген. 1999 жылы «Ми мен бауырдағы қорғасынның лизосомды зақымдаушы әсерінің патогенетикалық коррекциясы» тақырыбына кандидаттық диссертациясын, 2021 жылы «Организмнің реактивтілігін металдармен тежеудің эксперименттік қабыну ағымына әсері және оны түзету жолдары» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғады.
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс патологиялық физиология кафедрасында 1994 жылы ассистент, 2003 жылдан аға оқытушы, 2008 жылдан доцент, 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі болып қызметін атқарды. ЖММ-нің ББК-нің төрағасы (2020-2022 ж.) ретінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді, қазіргі уақытта ЖММ ББК төрағасының орынбасары, ЖММ ББК жанындағы білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Ғылыми кеңестің мүшесі, ЖММ Кеңесінің мүшесі, ғылыми комитеттің мүшесі, «ҚазҰМУ Хабаршысы» журналының редакциялық алқасының мүшесі, ҚР ҒЖБМ ЖБББЖ білім беру бағдарламаларының сарапшысы.
Ғылыми қызығушылықтары:
қоршаған ортаның патофизиологиясы – ауыр металдардың тұздарының әсерінен тәжірибелік жануарлардың ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуын, сондай-ақ когнитивті дисфункцияны зерттеу;
қартаюға қарсы – норма- және гипобариялық гипоксияға бейімделу кезінде ескі ағзаның қорғаныс және бейімделу механизмдерін зерттеу;
молекулярлық биология – ұлпаға тән ген экспрессиясының эпигенетикалық реттелуінің молекулалық механизмдерін зерттеу, ауыр металдардың қосылыстарының иммуногенез мүшелерінің геномының өзгергіштігіне әсерін және осы механизмдердің маңызды буындарының өзара реттеушілік қабыну процесіне әсерін анықтау; қалқанша безінің қатерлі және түйінді ісіктері бар науқастарда қандағы метаболиттер спектрінің спецификалық өзгерістерін зерттеу.
Жобалар:
- «Жедел пневмония кезінде иммундық жүйенің компоненттерін мақсатты манипуляциялаудағы ісік микроортасының болжамдық рөлі және патогенетикалық түзетудің жаңа әдістерін әзірлеу», 2023-2025, университетішілік грант;
- «Химиялық экотоксиканттардың әсерінен қабынудың реттелуінің бұзылу механизмдері және олардың патогенетикалық коррекциясының жаңа әдістері», 2022-2024, ҚР ҒЖБМ;
- «COVID-19 инфекциясының реконвалесценті болып табылатын адамдардың денсаулық жағдайын бағалау», 2021-2023, ҚР ДСМ;
- «Қабыну үдерісін реттеудегі CD4+CD25+FOXP3+Tregs рөлі: иммуносупрессияның металдық механизмдері және экспериментте патогенетикалық түзетудің жаңа әдістерін іздеу», 2019-2021, университетішілік грант;
- «Қоршаған ортаның иммуносупрессиясына байланысты асептикалық қабыну ағымының молекулярлық биологиялық ерекшеліктері», 2015-2017, ҚР БҒМ;
- «Бес жаңа шөптік препараттардың аллергендік қасиеттерінің бар-жоғына қысқа мерзімді сынақтар жүргізу», 2014;
- «Ауыр металдардың гематотоксикалық әсерін және ересек және кәрі жануарларды салыстыра отырып, норма- және гипобариялық гипоксияны қолдану арқылы организмнің қорғаныс және бейімделу механизмдерін белсендіру мүмкіндігін зерттеу», 2012-2014; ҚР БҒМ;
- «Қазақстандағы егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудің қартаюға қарсы моделін (бағдарламасын) әзірлеу», 2011-2013, ҚР ДСМ;
- «Стрептозотоцинді қант диабетінің тәжірибелік үлгісі бойынша шөптік препараттардың коррекциялық қасиеттерін зерттеу», 2013 ж.
Жарияланымдар:
200-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, олардың ішінде:
- Valentina K. Yu, Yelena S. Sycheva, Gulgul K. Kairanbayeva, Valery M. Dembitsky, Marina K. Balabekova, Aliya N. Tokusheva, Tulegen M. Seilkhanov, Tolganay Y. Zharkynbek, Anar Kh. Balapanova and Khaidar S. Tassibekov. Naphthaleneoxypropargyl-Containing Piperazine as a Regulator of Effector Immune Cell Populations upon an Aseptic Inflammation // Molecules 2023, 28, 7023. https://doi.org/10.3390/molecules28207023. – Q1
- Marina K. Balabekova, Yekaterina O. Ostapchuk, Yuliya V. Perfilyeva, Aliya N. Tokusheva, Adilman Nurmuhambetov, Rustam R. Tuhvatshin, Vasiliy V. Trubachev, Zhaugashty B. Akhmetov, Nurshat Abdolla, Gulgul K. Kairanbayeva, Koks Sulev & Nikolai N. Belyaev. Oral administration of ammonium metavanadate and potassium dichromate distorts the inflammatory reaction induced by turpentine oil injection in male rats. Drug and Chemical Toxicology, 2019, March 8, DOI: 10.1080/01480545.2019.1585446. Q2
- Malmakova, A., Kystaubayeva, N., Zharkinbek, T., …Balabekova, M., Yu, V. Piperidine-containing phosphonates as immunocorrectors. // AIP Conference Proceedings., 2019, 2124, 030013. Q3
- Emil Muchamejanov, Marina Balabekova, Gulgul Kairanbaeva. The more you eat, the less your weight-nutritional basis for treatment of obesity. Nutri Food Sci Int J. 2019. 9 (2): 555760. DOI: 10.19080/NFSIJ.2019.09.555760.
- Aliya N. Tokusheva, Marina K. Balabekova, Yekaterina O. Ostapchuk, Nikolay N. Belyaev and Rustam R. Tukhvatshin. Vanadium and chromium mediated impairments in the immunological reactivity of rats with aseptic inflammation. Clin Cell Immunol 2017, 8:3(Suppl) DOI: 10.4172/2155-9899-C1-037. Impact Factor 2.06
- Aliya N. Tokusheva, Marina K. Balabekova, V. Trubachev, Vasyly. Solts of heavy metals call phenotypic changes of immunocompetent cells – participants and regulators of aseptic inflammation // Molecular Biology of the Cell.- 2017. – V.28. – № 26. – P. 544-545.
- Marina K. Balabekova, Aliya N. Tokusheva, Yekaterina O. Ostapchuk, Nurshat Abdolla. Expansion of His48+CD11b/c+ myeloid cells in rats after vanadium and chromium salts administration // Molecular Biology of the Cell. – 2017. – V.28. – № 26. – P. 538-539.
- Balabekova M.K., Nurmuchambetov A.N., Tokusheva A.N., Ryspekova N.N., Myrzagulova S.E., Aкhmedshina D.A., Zhukesheva M.K., Trubachev V.V. Effects of immune modulators at metall induced immunosuppression // International Journal Of Applied And Fundamental Research. – 2017. – № 4 – URL: www.science-sd.com/472-25375 (15.12.2017)
- Балабекова М.К., Нурмухамбетов А.Н., Тухватшин Р.Р., Рыспекова Н.Н., Токушева А.Н., Трубачев В.В. Современный взгляд на механизмы формирования экологенной иммунодепрессии. Вестник КазНМУ. – 2017. – №1. – С.507-509.
- Балабекова М.К., Тухватшин Р.Р., Нурмухамбетов А.Н., Рыспекова Н.Н., Токушева А.Н., Трубачев В.В., Альдекеева Ж.Е.. Роль врожденного иммунитета в регуляции воспаления. Вестник КазНМУ. – 2017. – №1. – С.350-352
- Балабекова М.К. Изучение металлиндуцированной иммунодепрессии в эксперименте. Современные проблемы науки и образования. – 2017. – 5. URL: http://www.science-education.ru /ru/article/view?id=26926 (дата обращения: 06.10.2017).
- Балабекова М.К. Экспериментальное изучение корригирующего влияния рувимина на течение асептического воспаления у опытных крыс. Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. №3 (часть 2), 2014. – С.14-15.
- Балабекова М.К. Изучение в эксперименте влияния ванадия и хрома на некоторые показатели клеточного звена иммунитета крыс. Фундаментальные Исследования. №10, 2014. – С.624-628.
- Балабекова М.К., Тухатшин Р.Р. Влияние соединений ванадия и хрома на иммунологические показатели экспериментальных крыс. Вестник КРСУ, 2014. –Т.14.-№10.-С.84-86.
- Балабекова М.К. Морфологические особенности течения воспаления у опытных крыс на фоне комбинированного воздействия ванадия и хрома. Вестник КРСУ, 2014. –Т.14.-№10.-С.87-90.
- Токушева А.Н., Балабекова М.К., Мырзагулова С.Е., Ахмедшина Д.А., Жукешева М.К., Трубачев В.В., Рыспекова Н.Н. Реакция периферической крови крыс в ответ на воспаление, вызванное на фоне интоксикации соединениями ванадия и хрома (эксперимент). Современные проблемы науки и образования. – 2015. – № 6.; URL: http://science-education.ru/ru/article/view?id=23769 (дата обращения: 08.06.2016).
- Балабекова М.К., Рыспекова Н.Н., Жукешева М.К., Токушева А.Н., Мырзагулова С.Е., Ахмедшина Д.А., Трубачев В.В. Динамика течения воспаления, вызванного на фоне металлиндуцированной иммунодепрессии. Современные проблемы науки и образования. – 2015. – № 6.; URL: http://science-education.ru/ru/article/view?id=23769 (дата обращения: 08.06.2016).
- Трубачев В.В., Балабекова М.К., Касенов Б.Ж., Карчалова А.М., Токушева А.Н., Ахмедшина Д.А., Альдекеева Ж.Е., Жукешева М.К., Рыспекова Н.Н. Экспериментальные исследования влияния соединений ванадия и хрома на поведенческие реакции крыс // Современные проблемы науки и образования. – 2016. – № 3.; URL: http://science-education.ru/ru/article/view?id=24453 (дата обращения: 18.05.2016).
- Нурмухамбетов А.Н., Карчалова А.М., Балабекова М.К., Трубачев В.В. Патогенетическая коррекция металл – индцированных когнитивных дисфункции в эксперименте //Вестник КазНМУ. – 2016. – №1. – С.507-509
- Тухватшин Р.Р., Аумолдаева З.М., Балабекова М.К. Профилактика металлиндуцированных нарушений системы крови тренировкой в условиях гипобарической гипоксии//Хирургия. Морфология. Лимфология. – 2016. – Т.13. – №25 (1-2). – С.119-120.
- Балабекова М.К., Токушева А.Н., Трубачев В.В., Беляев Н.Н., Альдекеева Ж., Баратов З., Инкарбек Ж. Изучение клеточности лимфоорганов крыс в эксперименте // Сборник трудов ХVIII Международной научной конференции «Актуальные научные исследования в современном мире», (26-27 октября 2016 г.) Переяслав-Хмельницкий, Украина.– 2016. – выпуск 10 (18). – С. 28-31.
- Токушева А.Н., Балабекова М.К., Трубачев В.В. Динамика накопления хрома в лимфоорганах крыс с асептическим воспалением, вызванным на фоне металлиндуцированной иммунодепрессии //Сборник трудов международной научно-практической конференции «Наука, образование и инновации», 15 октября, 2016 г. – Екатеринбург. – С. 162-168.
Монографиялар:
- Тухватшин Р.Р., Нурмухамбетов А.Н., Балабекова М.К. Қазіргі заманғы медициналық-экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары. Алматы: Издательство «Арыс», 2014. – 152 стр. ISBN 978-601-291-253-1.
- Аканов А.А., Нурмухамбетов А.Н., Балабекова М.К., Тухватшин Р.Р., Рыспекова Н.Н. Жануарлардағы қан жүйесінің және когнитивті функциялардың металдармен туындаған бұзылыстарының гипокситерапиясы. Алматы: Издательство «Арыс», 2014. – 144 стр. ISBN 978-601-291-252-4.
Патенттер:
- Соединение пропионата 1-(2-этоксиэтил)-4-(пент-1-ин-1-ил)пиперидинила-4 в комплексе с βциклодекстрином, обладающее иммуномодулирующей активностью (№ 36309 от 28.07.2023 г.). Авторы: Жумакова Сымбат Сериковна (KZ), Кайранбаева Гульгуль Кайранбаевна (KZ), Тен Асель Юрьевна (KZ), Фишер Даметкен Едиловна (KZ), Балабекова Марина Казыбаевна (KZ), Ю Валентина Константиновна (KZ), Пралиев Калдыбай Джайловович (KZ).
- Способ лечения металл-индуцированных нарушений высшей нервной деятельности (ВНД) у крыс //Патент №30767. − Заявка от 24.12.2015 г.
- Феноксипрофильный эфир 1-(3-метоксипролил)-4-кетоксимпиперидина и его комплекс с β-циклодекстрином, обладающий геропротекторной активностью//Патент №30636. − Заявка от 15.01.2015 г.
- Способ физиологического улучшения памяти у здоровых крыс//Патент №30930. – Заявка от 26.12.2014 г.
- Балабекова М.К., Нурмухамбетов А.Н., Рыспекова Н.Н., Мырзагулова С.Е., Жукешева М.К., Токушева А.Н., Трубачев В.В., Беляев Н.Н. «Способ оценки иммуносупрессирующей роли His48+/CD11b/c+ в условиях антропогенной нагрузки». № (11) 3007. 2017/0609.2
- Балабекова М.К., Нурмухамбетов А.Н., Рыспекова Н.Н., Мырзагулова С.Е., Жукешева М.К., Токушева А.Н., Трубачев В.В., Беляев Н.Н. «Способ прогнозирования хронизации воспалительного процесса в условиях интоксикации солями ванадия и хрома». № (11) 3006. 2017/0608.2
Жетістіктері:
- ҚазҰМУ-нің алтын медалі
- ҚР ДСМ-нің денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін медалі
- ҚР ДСМ-нің Құрмет грамотасы
- ҚР ҒЖБМ-нің Құрмет грамотасы
- ҚазҰМУ-нің Құрмет грамотасы
- ҚазҰМУ-нің қола медалі
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты
Тел.: +7 707 4653753
E-mail: [email protected]
Білімі: 1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. 2010 жылы «Ауыр металдардың жоғары жүйке әрекетіне зақымдаушы әсері және одан туындаған бүліністерді қалпына келтіру» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Жұмыс тәжірибесі: 1995 жылдан бастап патофизиология кафедрасында аға лаборант қызметінен бастап, қазіргі уақытта кафедраның доценті. Жалпы еңбек өтілі 38 жыл, оның 35 жылы салада.
Ғылыми қызығушылықтары: 30-дан астам жарияланымның авторы және бірнеше рет халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасады. Өнертабысқа 2 авторлық патент бар. Ғылыми жобаларға қатысты.
Жетістіктері: ҚР ДСМ-нің Құрмет грамотасымен (2019) және ҚР БҒМ-нің Құрмет грамотасымен-1 (2020) марапатталған.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты
Тел.: +7 708 1621746
E-mail: [email protected]
Білімі: 1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. 2010 жылы «Патогенетическая коррекция морфофункциональных нарушений головного мозга и системы крови под влиянием соединений ванадия и хрома» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Жұмыс тәжірибесі: 2003 жылдан патологиялық физиология кафедрасында жұмыс атқарады. 2010 жылы кафедраның аға оқытушысы қызметіне ауыстырылды. 2013 жылдың желтоқсан айынан ғылыми кеңес шешімімен патофизиология модулінің доценті қызметіне тағайындалды. Бірнеше жылдар бойы «Жас патофизиолог мектебі» мен теориялық семинарлардың жауапты қызметін атқарады. Кафедрада «Визитинг-профессор КазНМУ» бағдарламасы бойынша жетекші ғалымдарды кафедраға шақыруға жауапты болды. 2013-2014 жылдан 2015-2016 оқу жылына дейін 3 курс студенттерін біріктіріп модульдік оқытуда патофизиология -2 модулінің жетекшісі қызметін атқарды. Жалпы еңбек өтілі – 37, оның саладағы еңбек өтілі – 20 жыл.
Ғылыми қызығушылықтары: 40-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жарияланды
Жетістіктері: 2017-2018 жылдан бастап жыл сайын 3 және 4 курс студенттері арасында патологиялық физиология пәнінен біріктірілген интеллектуалдық олимпиаданың авторы.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты
Тел.: +7 747 1394765
E-mail: [email protected]
Білімі: Жоғары медициналық білім.
Жұмыс тәжірибесі: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 20 жылдан астам еңбек етті.
Ғылыми қызығушылықтары: Патологиялық физиология саласында, экопатологияның даму механизмдері және оларды түзету әдістері.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты
Тел.: +7 7011875422
E-mail: [email protected]
Білімі: 1989 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. 1998 жылы «Химиялық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындар орналасқан аймақтағы балалардың денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау» тақырыбына кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 14.00.07 – Гигиена мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді. 2006 жылы Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен В.М.Сабырахметоваға доцент ғылыми атағы берілді.
Жұмыс тәжірибесі: 1990-2017 жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің кәсіптік аурулармен гигиеналық пәндер кафедрасының ассистенті, 2017-2021 жылдар аралығында кафедраны басқарды. 2021 жылдан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патофизиология кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. Жалпы өтілі 42 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі 33 жыл.
Ғылыми қызығушылықтары: Қоршаған ортаның ластануы, 60-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 Scopus, 20 әдістемелік ұсыныстар мен 10 оқулықтың авторы.
Жетістіктері: 5 магистрант пен бір (PhD) философия докторын дайындады.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының лекторы, медицина ғылымдарының кандидаты
Тел.: +7 701 222 1699
E-mail: [email protected]
Білімі: жоғары, Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, неврология бойынша интернатураны бітірген, кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Жұмыс тәжірибесі: Осы жылдар ішінде ОҚММА кәсіптік аурулар және жүйке аурулары кафедрасында ассистент, ал С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гигиена және еңбек медицинасы кафедрасында доцент қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта патофизиология кафедрасында лектор болып жұмыс істейді.
Ғылыми қызығушылықтары: 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың, монографиялардың, «Фармация», «Медициналық-профилактикалық іс» типтік бағдарламаларының, 100-ден астам ғылыми мақалалардың, соның ішінде импакт-факторы бар (Scopus, Thomson Reitor, Rinz) авторы (бірлескен авторы) болды. 20-дан астам халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда қатысушы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындарының әлеуметтік, гигиеналық және медициналық денсаулық мәселелерінің кешенді шешімін ғылыми негіздеу» халықаралық ғылыми-техникалық жобасына қатысты, университеттің «Еңбек ортасындағы зиянды факторлардың медициналық-әлеуметтік аспектілері» ғылыми-техникалық жобасына қатысты.
Жетістіктері: Алтын медальмен және «Мәскеу халықаралық білім беру салоны» қатысушысының дипломымен, «Университеттің дамуына бағытталған еңбектегі, оқу-ағарту, ғылыми және басқарушылық қызметтегі табыстары үшін» Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапатталды.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының магистрі
Тел.: +7 778 6090306
E-mail: [email protected]
Білімі: 2012 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, 2014 жылы интернатураны, 2016 жылы жалпы хирургия бойынша магистратураны бітірді. 2018-2021 жж. «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқыды.
Жұмыс тәжірибесі: 2014 ж. – Алматының №16 ҚЕ-да, балалар хирургы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патологиялық физиология кафедрасында жұмыс істейді. 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін патологиялық физиология кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі. 2017-2020 жж. – «Life Science» ғылыми комитетінің хатшысы. 2020-2022 жж. – ЖММ-1 ББК-нің хатшысы. 2022-2023 жж. – ЖММ-1 ББК-нің жұмыс тобының хатшысы.
Ғылыми қызығушылықтары: Келесі ғылыми-тенхникалық жобалардың орындаушы: «Қабыну процесін реттеудегі CD4+CD25+FOXP3+Tregs рөлі: иммуносупрессияның металдық механизмдері және экспериментте патогенетикалық түзетудің жаңа әдістерін іздеу» (2019-2021) , «COVID-19 инфекциясының реконвалесценттерінің денсаулық жағдайын бағалау» (2021-2023), «Жедел пневмония кезінде иммундық жүйенің компоненттерін мақсатты манипуляциялаудағы ісік микроортасының болжамдық рөлі және патогенетикалық түзетудің жаңа әдістерін әзірлеу» (2023-2025). Келесі ғылыми-техникалық жобалардың ғылыми жетекшісі: «Химиялық экотоксиканттардың әсерінен қабынудың реттелуінің бұзылу механизмдері және олардың патогенетикалық коррекциясының жаңа әдістері» Жас Ғалым гранттық қаржыландыруға, ҚР ҒЖБМ, іске асыру мерзімі 2022-2024 жж. 10 ғылыми жарияланымының авторы, оның ішінде Scopus дерекқорындағы рецензияланған журналдардағы 2 жарияланымы, CiteScore пайыздық көрсеткіші кемінде 50 (Q1-Q2) және өнертабысқа 1 патенті бар.
Жетістіктері: 2015 жылы жұмыстағы табыстары үшін Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты
Тел.: +7 707 1151166
E-mail: [email protected]
Білімі: 1970 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1986 жылы «Белоктардың, алмастырылмайтын амин қышқылдарының және А, Е, С, В1 дәрумендерінің жеткіліксіздігінің азот алмасуының жағдайына әсері» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады.
Жұмыс тәжірибесі: 1970-1972 жж. – әскери бөлімнің дәрігері. 1972-1977 жж. – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты 4-бас басқармасының орталық ауруханасының емдік дене шынықтыру дәрігері. 1977-1978 жж. – оңалту және жаттығу терапиясы кафедрасының меңгерушісі. 1978-1986 жж. – КСРО Медицина ғылымдары академиясы Тағамтану институтының Қазақ филиалының метаболикалық зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1986-1991 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы гигиена және экология кафедрасының ассистенті, 1991-2011 жж. – кафедраның аға оқытушысы, кейін доценті болды. 2011 жылдан бастап патологиялық физиология кафедрасында ассистент ретінде жұмыс істейді.
Ғылыми қызығушылықтары: Жалпы және радиациялық гигиена бойынша 10-нан астам оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысты. Қазақ тіліндегі «Су және Сумен Жабдықтау гигиенасы», «Радиациялық гигиена», «Тағам гигиенасы», «Тамақтану гигиенасы» оқулықтарының және «Гигиена» оқулығының бірлескен авторы. Оның 50-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстары бар, оның ішінде 1 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құралы, 3 әдістемелік ұсыныс.
Жетістіктері: ҚР ДСМ-нің «Еңбек Ардагері» медалі (2023).
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі
Тел.: +7 777 9647628
E-mail: [email protected]
Білімі: 1996 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. 2014-2016 жж. Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінде, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің PhD докторантура және магистратура бөлімінде оқыды, «Медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі: 2016-2017 жж. – Семей медициналық мемлекеттік университетінде патофизиология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де патофизиология кафедрасында ассистент ретінде жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі 32 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі 20 жыл.
Ғылыми қызығушылықтары: Ғылыми жарияланымдар – 20 жарияланған жұмыстары бар.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті
Тел.: +7 707 9760250
E-mail: [email protected]
Білімі: 2009-2014 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жалпы медицина факультетін бітірген. 2014-2016 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Жалпы педиатрия» мамандығы бойынша интернатураны өткен. 2016-2018 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, педиатрия мамандығы бойынша резидентурасын бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: 2018-2019 жж. – №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасы, жедел жәрдем дәрігері болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патофизиология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді.
Ғылыми қызығушылықтары: Балалық шақ патологиясы, 5 ғылыми жұмыстың авторы (бірлескен авторы).
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі
Тел. моб.: +7 702 9803361
E-mail: [email protected]
Білімі: 2005-2011 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, профилактикалық медицина факультетін бітірген. 2018-2020 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, медицина магистрі болды. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Эксперименттік гепатит кезіндегі когнитивті дисфункциялар және оларды патогенездік түзету әдістері». 2022 жылдан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторанты.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек өтілі – 11 жыл, кафедрада 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ғылыми қызығушылықтары: Патофизиология және денсаулық сақтау саласында 20-дан астам ғылыми жарияланымы және 1 авторлық куәлігі бар.
Атқаратын қызметі: ассистент, патологиялық физиология кафедрасы, MBA
Тел.: +7 701 7104565
E-mail: [email protected]
Білімі: 1989-1995 жж. Алматы мемлекеттік медицина институтында, жалпы медицина факультетінде оқыды. 2003-2006 жж. Халықаралық бизнес академиясында оқуын жалғастырды, онда ол MBA дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі: 1995-2006 жж. Теміржол ауруханасының невропатологы. 2000-2006 жж. CINA PHARM, BMSquib сату менеджері. 2006-2022 жж. жеке медициналық орталықта директор және невропатолог. 2022 жылдан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патофизиология кафедрасының ассистенті.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті
Тел.: +7 702 8129540
E-mail: [email protected]
Білімі: 2012-2017 жж. – Семей медициналық университеті, жалпы медицина факультеті, бакалавр. 2017-2019 жж. – Семей медициналық университеті, интернатура, терапия. 2019-2021 – Семей медициналық университеті, резидентура, «Отбасылық медицина».
Жұмыс тәжірибесі: 2019-2020 жж. – Семей медицина университеті, клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті. 2020-2021 жж. – Семей университеттік ауруханасы, кезекші терапевт. 2021-2022 жж. – 21 Алматы қалалық емханасы, отбасылық дәрігер. 2022 жылдан бастап – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патологиялық физиология кафедрасының ассистенті.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі
Тел. моб.: +7 701 8964802
E-mail: [email protected]
Білімі: 2011-2016 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, қоғамдық денсаулық сақтау факультетін бітірген. 2016-2018 жж. – «ҚДСЖМ» ҚМУ, ғылыми-педагогикалық магистратурада оқып, медицина ғылымдарының магистрі болды. 2019-2021 жж. – Boston University (USA), Master of Public Health.
Жұмыс тәжірибесі: 2016-2018 жж. – «ҚДСЖМ» ҚМУ, Ғылыми-клиникалық орталықтың лаборанты/кіші ғылыми қызметкері, 2019-2021 жж. – Boston University, оқытушы көмекшісі, кіші ғылыми қызметкер. 2022 жылдан бастап – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патологиялық физиология кафедрасының ассистенті.
Ғылыми қызығушылықтары: Қоғамдық денсаулық сақтау, жаһандық денсаулық сақтау, жұқпалы аурулар, жобаларды басқару. 7 ғылыми жұмыстың авторы (соавторы), оның ішінде ҚР ҒЖБМ-нің ҒЖБ саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар.
Жетістіктері: Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2018), IELTS Академиялық 8.0.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі
Тел. моб.: +7 707 1860037
E-mail: [email protected]
Білімі: 2009-2014 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, жалпы медицина факультеті, 2014-2016 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, интернатура, терапия. 2016-2019 жж. – Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, резидентура, «Кардиология, оның ішінде балалар». 2022 жылы «Жүрек-қантамырлары аурулары бар пациенттердің емге бейілділігін бағалау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі: Жалпы еңбек өтілі – 6 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі – 2 жыл. 2023 жылдан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патофизиология кафедрасының ассистенті.
Ғылыми қызығушылықтары: 10-нан астам ғылыми жұмыстың авторы (соавторы), оның ішінде 4 жұмысы, ҚР ҒЖБМ-нің ҒЖБ саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда.
Атқаратын қызметі: патологиялық физиология кафедрасының ассистенті
Тел.: +7 7057759981
E-mail: [email protected]
Білімі: Жоғары, 2009 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия факультетін бітірген. 2010 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. 2012 жылы «Нефрология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша резидентураны аяқтады.
Жұмыс тәжірибесі: 2012 жылдан 2015 жылға дейін «Х.С.Насыбуллина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебінің» оқу бағдарламасын аяқтап, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нефрология кафедрасында стажер-оқытушы болып жұмыс істеді. 2015-2016 жж. №2 Мемлекеттік балалар клиникалық ауруханасында нефрология бөлімшесінің ассистенті болып жұмыс істеді. 2017-2018 жж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, №7 қалалық клиникалық аурухана базасында, №2 ішкі аурулар кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патофизиология кафедрасының ассистенті.