Жастар саясаты басқармасының тәрбие жұмысы, Жалпы медицина-1 мектебінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының» ұйымдастыруымен және Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстанның қасиетті жерлері» атты дөңгелек үстел өтті.
Онлайн-форматта өткен дөңгелек үстелдің, алғы сөзі кафедра меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Нагайбаева Зауреш Арыстамбекқызына берілді, шақырылған қонақтарға алғыс айтып, Қазақстанның қасиетті жерлерін студент жастардың арасында насихаттау өте маңызды идеологиялық сипатқа ие деген ой білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің оқу ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары Ноянов Еділ Ноянұлы студенттердің тарихи қасиетті жерлері туралы білімін арттыруына деген ұмтылысын көріп қуанышты екендігін айтты. Еліміздің қасиетті жерлерін тарихи зерттеулер туралы және Отырар және Түркістан сияқты қалалардың тарихин егжей-тегжейлі баяндап берді.
Келесі кезекте тарих ғылымының PhD докторы Кошымова Ақнұр Оразгалиқызы «Рухани жанғыру» бағдарламасының аясында Қазақстанның қасиетті жерлерін тарихи зерттеулер жүргізуге мемлекет тарапынан күлкен көңіл бөліп, және осы салада басқада жұстар жасалап ғылыми еңбектер жазылып жатқанын жеткізді.
Қорытынды сөз Жастар саясаты басқармасының бас маманы Жармағанбет Рымкеш Уахитқызы бұл іс-шараның ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының 4 жылдығымен сәйкес келіп отырғанына тоқталды. Қазақстанның қасиетті жерлерін әрдайым қастарлеп әсіресе жас буын ұмытпау керек деді. «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында университеттімізде атқарылып жатқан жұмыстарды айта кетті. Дөңгелек үстел өте қызықты өткенін айта кетіп, дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.