09.11.2019 ж. «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері арасында ҒСҮ-мен қалыпты анатомия кафедрасында қалыпты анатомия пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада Жастар жылына арналды.
Олимпиада ұйымдастырушылары – қалыпты анатомия кафедрасы меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Ахмад Н.С., кафедраның СҒЗЖ жауапты Дәрмен Н.Ж., куратор, профессор, м.ғ.д. Жаныбеков Д.Е. және 2 – 4 курс студенттері Сокольская В., Жали Б., Қайшыбай А., Хаджифазлыоглу Э., Умиртаев А., Нурбай О., Коспанова Ж. және Зейнолла Ә.
Әділ қазылар алқасы:
- Романюк Светлана Николаевна – қалыпты анатомия кафедрасының профессоры, к.м.н.
- Тукибаев Жұмабек Ахметович – қалыпты анатомия кафедрасы лекторы
- Оханова Мейрамкүл Исабековна – қалыпты анатомия кафедрасының ассистенті
- Айдинов Рифат – «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенті
Олимпиада 5 кезеңнен тұрды:
- I. Анатомия тарихы
- II. Эпонимдар
III. Логика қайда?
- I Жағдайлық есептер
- Капитандар сайысы
Олимпиадада 5 студенттен құрылған 10 команда қатысты: «Vita», «Сангва», «White», «Жүрек», «Адреналин», «Көзбұршақ», «Predators», «Esculap», «Life» және «Везалий».
Олимпиада қорытындысы бойынша I орынды «Көзбұршақ» (жетекшісі Искакова Л.А.), II орынды «Predators» (жетекшісі Келдигулова У.К.) және III орынды «Жүрек» командалары (жетекші Шакенов Б. Ш.) алды. Жеңімпаздарға диплом, барлық қатысушыларға және ұйымдастырушы студенттерге сертификаттар табысталды.
Дайындаған: кафедраның СҒЗЖ жауапты Дәрмен Н.Ж.