Қалыпты физиология кафедрасында 2020 жылдың 20 ақпан күні кафедра дәріскерлері: Р.М.Шайхынбекова мен Л.М.Байболатова жетекшілік ететін «Жалпы медицина» мектебінің 2 курс ЖМ18-008-1,2; ЖМ18-011-1,2 топ студенттері ұйымдастырған жемқорлық жайттарын алдын алу және тоқтату іс-шараларын жүргізу бойынша «ҚазҰМУ мен жемқорлық сыйыспайды» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге университет ректорының студенттер жөніндегі кеңесшісі, ҚР еңбек сіңірген дәрігері, профессор Мустафина Жанар Ғабиденқызы, ҚазҰМУ-нің қауіпсіздік тобының комплаенс офицері Тельманов Бауыржан Ержанұлы, «Жалпы медицина» мектебінің деканы Шопаева Гүлжан Амангельдқызы, «Жалпы медицина» мектебінің бірқатар декан орынбасарлары, кафедра меңгерушісі Рыспекова Шынар Ордаханқызы шақырылды.
Дөңгелек үстелге кафедра меңгерушісінің оқу жөніндегі орынбасары Б.А.Джусипбекова, кафедра доценті: Е.М.Рослякова, дәріскерлері: Р.М.Шайхынбекова., Л.М.Байболатова және «Жалпы медицина» мектебі 2 курсының ЖМ18-008-1,2; ЖМ18-011-1,2 топ, «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мектептерінің 1 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел кафедра меңгерушісінің оқу жөніндегі орынбасары Б.А.Джусипбекованың ашылу сөзімен басталды. Студенттер «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы слайд түріндегі ақпараттық баяндама жасалды. Баяндамада стратегия міндеттері, негізгі түйінді бағыттары, негізгі тәсілдері, басым шаралары және мемлекеттік қызмет саласындағы, әсіресе жоғарғы оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар, өткізілетін іс шаралар жайлы ақпаратар берілді. «Жалпы медицина» мектебінің 2 курс ЖМ18-011 тобының студенттері Қоспанова Жұлдыз, Бауыржанқызы Аружан мен Марат Аружан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық заңдар» жайлы студенттерге баяндама жасады. Баяндама соңында студенттер арасында университеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, ондай жайттардың алдын алу шаралары жайлы қызу талқылау жүрді. Талқылауға «Жалпы медицина» мектебі 2 курсының студенттері Берекетов Бахадыр, Умиртаев Әсет, Әлайдарова Аида, Сагадатова Бибинур, Ергалиев Нурдаулет, Аубакирова Мөлдір және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің 1 курс студенттері Сагинбекова Ұлдана мен Әлтенова Асель белсенді түрде қатысты. Қуаныш Қалмырзаның орындауында әнде шырқалды. Дөңгелек үстел соңында кафедра лекторы Р.М.Шайхынбекова дөңгелек үстелдің жабылу сөзін сөйлеп, «Сыбайлас жемқорлыққа ҚазҰМУ-да жол жоқ, болмайды да!» деген сөзімен аяқтады.