2024 жылдың 2 сәуірде Алматы қаласының №157 мектеп оқушыларына 6 курс ЖМ18-052, ЖМ18-054 топтың интерн – дәрігерлері «Шылым шегудің зияндылығы», «Алкоголдік ішімдік – қоғам дерті», «Нашақорлықтың алдын алу», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыптарында дәріс оқыды. Дәрістер презентация түрінде таныстырылды, дәріс барысында зиянды әдеттердің адам ағзасына әсері, дамуы мүмкін дерттер жайлы ақпараттар айтылды. Сонымен қатар зиянды әдеттерді алдын алу жолдары айтылды.
Оқылған дәрістердің негізгі мақсаты – болашақта жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, түрлі дерттердің алдын алу. Қоғам алдында жауапкершілікті қалыптастыру.