«Күлімдеші» қайырымдылық акциясының есебі

2024 жылдың 22 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, №2 ЖДТ кафедрасының профессоры Д.Ж. Максутова және асс. А.М. Жукембаеваның ұйымдастыруымен ШЖҚ РМҚ «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» балалар бөлімшесінде, қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға кафедра меңгерушісі, профессор А.Э. Миреева,  к.м.н. Л.А. Нурсеитова, проф. Д.Ж. Максутова, проф. К.К. Орынбасарова, доц. З.Г. Давлетгильдеева, доц. Е.Т. Кошербеков, магистр К.С. Латкина, доц. Ж.С. Аманкулова, асс А.М. Жукембаева, PhD Л.Б. Дюсенова  , магистр Соколова Л.Ю., к.м.н. Смагулова А.Б., магистр Жадыкова А.Ж., доц. Г.А. Ахмеджанова, доц. А.Б. Данышбаева, асс. И.А. Жетпысбаева, асс. К.Б. Тадживаева, асс Е.Ш. Кушербаева, асс. А.Ж.   Дуйсенбаева және 6 курстың 56 топ интерн-дәрігерлері қатысты.

Іс-шара барысында бронхөкпе жүйесі дертінен ұзақ ем қабылдап жатқан бүлдіршіндерге интеллектуалды үстел ойындары мен денешынықтыруға арналған ойыншықтар сыйға тартылды, медицина қызметкерлерімен сұхбат жүргізілді, сонымен қатар балалардың күтімі, тамақтануы және оңалтуы бойынша ұсыныстар берілді.