Зерттеу жұмысы

Зерттеу жұмысына көп көңіл бөлінеді. Аллергология кафедрасы Еуропалық аллергология және клиникалық иммунология академиясымен (EAACI) тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, Вена медициналық университетімен ынтымақтастық туралы келісім жасады.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Вена медициналық университеті арасында меморандумға қол қою сәті. ҚазҰМУ ректоры Т.С. Нұрғожин және Вена медициналық университетінің проректоры Hannes Stokinger

Вена медициналық университетінің проректорына Hannes Stokinger
диадеманы ұсыну сәті
1998 жылдан бастап жыл сайын «Астма және аллергия» Қазақстандық халықаралық ұлттық конгресі Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың академиясының президенттері мен аллергология және клиникалық иммунология саласындағы әлемдік беделге ие, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген жетекші мамандардың қатысуымен өткізіліп келеді.
Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет Республикалық ҚҚ «Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы» 2013 жылы EAACI-ге кіріп, оның тең құқылы мүшесі болды.
Осыған орай, 2014 жылы Қазақстан Республикасында Еуропалық аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясының президенті, Манчестер университетінің профессоры Николаос Попандополустың, Австрия аллергологтар және клиникалық иммунологтар қоғамының президенті, профессор В.Пиклмен және Халықаралық молекулалық аллергология университетінің президенті, Вена медициналық университетінің профессоры Рудольф Валентаның қатысуымен алғашқы аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың съезді өтті.

Бірінші съезд қатысушылары профессорлар Рудольф Валента, Винфрид Пикл, В.Гариб және Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығының президенті, профессор Николаос Папандопулос.

Бірінші съезд қатысушылары профессорлар Рудольф Валента, Винфрид Пикл, Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығының президенті, профессор Николаос Папандопулос С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ музейінде.


Antti Lauerma (Хельсинки, Финляндия), Ж.Б. Испаева (Алматы, Қазақстан),Hannes Stokinger (Австрия, Вена)

Профессор Ж.Б. Испаева EAACI Президенті проф. Н.Попандопулоспен (2013 – 2015) және EAACI президенті профессор А.Мореромен (2015-2017)  және Қазақстандық аллергологтар тобымен.
Профессор бастаған кафедраның жас қызметкерлері алғаш рет Халықаралық молекулалық аллергология және иммунология университеттерінің желісі (INUNIMAI) мен European Federation of Immunological Societies (EFIS) жас ғалымдарына арналған EFIS Travel Awards және EFIS Accomfortation Awards грантын жеңіп алды және Грузиядағы Халықаралық молекулалық аллергология мектебінде жүлделі орындарға ие болды.
Қазіргі уақытта аллергологияның өзекті мәселелері бойынша EAACI және молекулалық аллергология бойынша INUNIMAI-мен ынтымақтастық жалғасуда.
Аллергология кафедрасында ғылыми зерттеулер жүргізіледі. «Тағамдық аллергиядағы метаболикалық өзгерістер» тақырыбы бойынша университетішілік грант 2016 жылы аяқталды, нәтижесінде 2 мақала жарияланып, 2 іске асыру актісі алынды.
Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруына «SARS-CoV-2 фонында аллергиялық аурулары бар науқастар менеджменті және олардың мобильді қосымша көмегімен мониторингі» және «Алматы қаласы жағдайында аллергиялық аурулары бар және SARS-CoV-2 расталған науқастардың тізілімін құру» атты тақырыптардағы 2 өтінім берді.
Қазіргі уақытта 2021-2023 бағдармалалық қаржыландыру бойынша ғылыми-техникалық бағдарлама тақырыбы мақұлданды және бекітілді: Қазақстан Республикасында дараландырылған және алдын алу медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасы.
«Қазақ халқындағы бронх демікпесі» тақырыбы бойынша бөлім басқарушысы – кафедра меңгерушісі, проф. Испаева Ж.Б.
Ағымдағы оқу жылында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медицина және денсаулық сақтау саласында 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми зерттеулер жүргізу үшін университетішілік гранттар байқауына қатысуға өтініш білдірді: «Қазақ популяциясында CTLA4 генінің rs231775 бір нуклеотидті полиморфизмінің бронх демікпесінің дамуындағы ассоциациясын зерттеу».

Жұмыстың үлкен бөлімі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және республиканың басқа аймақтарында аллергологияның өзекті мәселелері бойынша оқыту семинарлары мен шеберлік класстарын өткізу болып табылады.