Кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жұмыстың негізгі бөлігі болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының бойынша жыл сайын жоспары бекітіледі, соның құрамына кіретін: Қоғамдық денсаулық сақтау практикасына еңгізілетін баспа, баспа мақалалар, конгресстер, оқыту семинарлары мен конференциялар, ғылыми өндіріс қарау, ұлттық және халықаралық деңгейде кәсіби дағдыларын жетілдіру жүзеге асыру актілер жасау.
Жыл сайын кафедраның оқутышылары интерндердің ғылыми-зерттеу жұмысын шетекшілік етеді. Ғылыми үйірмесінің мүшелері жыл сайын республикалық және халықаралық конференцияларға қатысады. Сондай-ақ, кафедра қызметкерлері топтарын қадағалап ғылыми мақалалар жариялайды
Ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері 2024–2025 оқу жылы ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып, халықаралық және республикалық деңгейдегі конференцияларда баяндамалар жасады. Есепті кезеңде қызметкерлер 60-тан астам ауызша және постерлік баяндамалар ұсынды. Олардың ішінде EuroThrombosis & EuroVessels 2024 (Болонья, Италия), «Жүрек денсаулығы апталығы – 2025» Всероссийлік кардиологиялық форумы, Astana Hematology Forum 2024, Ішкі медицина мамандарының ұлттық конгресі, Орталық Азия диабетологиялық форумы, AlmatyHepatology 2025 сияқты беделді ғылыми іс-шаралар бар.
Профессор Сугралиев А.Б. веноздық тромбоэмболия, жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, коагулопатиялар және жүктілік кезіндегі асқынуларға арналған бірқатар ауызша баяндамалар жасады. Профессор Рамазанова Р.М. гематология саласында Астана, Ташкент және Шымкент қалаларындағы халықаралық конференцияларда бірқатар маңызды баяндамалар ұсынды. Профессор Машкунова О.В. ревматология, гепатология және метаболикалық аурулар бойынша халықаралық форумдарда баяндамалар жасады.
Кафедра қызметкерлері iCaReMe, РУДРА халықаралық регистрлері, Стилла ауруы бойынша көпорталықты клиникалық зерттеу, сондай-ақ миокардты реваскуляризациялаудың нәтижелерін жақсарту мен СҚВ бар науқастарды зерттеу жобаларына қатысты. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде клиникалық тәжірибеге миокард реваскуляризациясынан кейінгі пациенттерді жүргізу алгоритмдері, біріктірілген гиполипидемиялық терапияның заманауи стратегиялары, ИБА бар пациенттерге арналған менеджмент үлгілері, клиникалық карталар мен әдістемелік ұсынымдар енгізілді. Кейбір материалдар авторлық құқықтың мемлекеттік тізіліміне тіркелді.
Жыл ішінде кафедра 20-дан астам ғылыми іс-шара ұйымдастырды. Олардың қатарында Тромбоздар бойынша халықаралық конференция (2024), Ішкі медицинаның өзекті мәселелері (2025), Бауыр ауруларын басқарудың мультидисциплинарлық тәсілдері (2025), сондай-ақ жыл сайынғы «ХХІ ғасыр гематологы» конференциясы бар.
Жыл қорытындысы бойынша доцент Тоқбулатова М.О. «Денсаулық сақтау саласының үздік маманы – 2025» республикалық байқауында «Ибн Сина» I дәрежелі орденімен марапатталды.
