Кафедраның клиникалық базалар: №7КҚА, Алматы облыстың аурухана, емдік- диагностикалық орталық болған, қазіргі кезде кафедра Алматы темір жол ауруханасында орналасқан. Кафедра қызметкерлері жоғары дәрежеде әртүрлі көлемде және ағзаларға операция жасайды. 8 кафедра қызметкерлері жоғары, 2-бірінші санаттағы дәрігерлер атақтары бар. Кафедра қызметкерлері аурухана дәрігерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Жыл сайын кафедра қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференциялар, сонымен бірге Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының отырыстарын өткізеді.
Кафедра қызметкерлері әр түрлі клиникалық медициналық мәселелеріне байланысты жергілікті жерлерде циклдар жүргізеді. Университеттін 80 жылдығына орай 2010 жылы ақпан айында кафедра Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының отырысын ұйымдастырып, өткізді. 2010 жылы кафедра «Іріңді хирургияның маңызды сұрақтары» деген Халықаралық конференция ұйымдастырды.
2012 жылдын желтоқсан айында кафедра «Хирургияға енгізілген жаңа технологияны денсаулық саласында қолдану» деген конференция өткізді.
Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының кезекті 26.05.2015 жылғы отырысында профессор Мұқанов М.Ө. «Хирургическое лечение перитонита и профилактика его осложнений» және доцент Маленкова С.А. «Современные возможности лечения и профилактики спаечной болезни брюшины» тақырыптарға арналған баяндамалар жасады.
2016 жылы желтоқсан айында ЖГМК – УКЦ өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Современные аспекты лечения гнойных осложнений синдрома диабетической стопы» тақырыпқа арналған баяндаманы кафедра қызметкерлері доцент Рахматуллин Ю.Я. және ассистент Салихова Т.А. баяндама жасады.
2017 жылы ҚазҰМУ күндеріне арналған ғылыми-тәжірибелік «Новые технологии в хирургии: современное состояние и перспективы развития» конференцияда доцент Рахматуллин Ю.Я., Курамысов Е.А. баяндамалар жасады.
04.05-05.05.2017 жылы АКҚА және 04.05-05.05.2017 жылы ФАО «ЖГМК – УКЦ» кафедра қызметкарлері ашық күндер барысында көптеген науқастарға кенес беріп ем тағайындады.
Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының кезекті 25.11.2017 жылғы отырысын кафедра қызметкерлері ұйымдастырып Алматы облысының, Уйғыр ауданында өткізді.
Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің емханасында жылдың сәуір айынан бастап әр жылда Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне арнап кафедра науқастарға тегін кеңес жүргізеді.