2019-2020 оқу жылында, қалыпты физиология кафедрасыныда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің ұйымдастыруымен «Оқытушы студенттердің көзімен»
атты факультет деңгейінде іс-шара өткізілді. Іс-шараға қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары, жалпы медицина мектебінің 1 курс деканның орынбасары – А.Д. Илиясова, жалпы медицина мектебінің 2 курс студенттері және 1 курс ТФӨ студенттері қатысты.
Іс-шараны модераторлар үш тілде ашты. Содан кейін «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері», «Вы можете остановить коррупцию», «Fight against corruption», «Жемқорлыққа жол жоқ» атты байандама, презентацияларды көрсету арқылы студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын заңдармен, жемқорлықпен күресу жолдарымен таныстырды.
Студенттердің білімін тексеру мақсатымен презентациялардан соң қатысушылардың арасында сұрақ-жауап өткізілді. Баяндамалар жемқорлық және оның зардаптары, себептері мен жемқорлық көрсеткіштеріне басты назар аудартты.
Әрі қарай студенттер қойылымдар көрсетті – «Коррумпированность право–охранительных органов и ГАИ», «Коррумпированность кадровой службы», «Оқытушы студенттердің көзімен». Бұл қойылымдар жемқорлықтын білім беру жүйесінде, денсаулық сақтау жүйесінде, құқыққорғау жүйесінде әлі де өзекті екенін білдірді, жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа жетелейтін жолдардан таймауды ұсынды.
Сонымен қатар бейнекөрініс көрсетілді. Кейін бейнекөріністер белсенді түрде талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз ойларын ортаға ашық салып, өз пікірлерімен бөлісіп, жемқорлық пен оның зардаптарымен күресу жолдарын айқындады. Біздің университте жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру мәселесі өте маңызды екені айтылды.
Талқыдан кейін студенттер концерттік бағдарлама ұсынды: гитара мен добыра тартып, өлең жолдарын оқып, жемқорлықпен күресті алдыңғы орындарға қоюды ұсынды.
Кейін сөз кезегі жалпы медицина мектебінің 1 курс декан орынбасары А.Д. Илиясова ханымға берілді.
Іс-шараның соңында қалыпты физиология кафедрасының ассистенті Айтжанова Г.М. қорытынды сөз айтты.
Лектор Алипбекова А.С.
Куратор, доцент Жетписбаева Г.Д.
Ассистент Айтжанова Г.М.