Кафедра тарихы

Травматология және ортопедия кафедрасы 1958 ж. Алматы мемлеккеттік медицина университетінде құрылды. Негізін қалаушы, кафедраның бірінші басшысы, көрнекті ғалым, ірі клиницист КазССР-ның денсаулық сақтау министрлігінің бас травматолог-ортопеді – проф. Эдельштейн Г.Л. басқарды. Ол Манчжури, Финляндия және Ұлы Отан соғысына қатысып  ордендермен медальдардың иегері.

1969 ж. кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Пальгов К.А. басқарды – дарынды хирург, жедел травматология, ортопедияның дамуына өте үлкен үлес қосқан. Соның арқасында №4 Қалалық аурухана қаламыздағы ең басты травматология клиникасы болды.

Константин А. орындаған зерттемелері 12 авторлық куәліктен және патенттермен өнер табыстарға паналы. Оның басшылығымен 22 кандидаттық диссертация орындалды, 190-ға жуық ғылыми жарияланымдар шығарылды, 100-ге жуық ғылыми баяндама және хабарламалар талқыланды.

1992 жылдан 2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып профессор, ҚР МҒА корр.мүшесі, медицина ғылымдарының докторы Сұлтанбаев Т.Ж. жұмыс атқарды.

2012-2016 жылдар аралы5ында кафедра меңгерушісі болып доктор Ph.D, травматолог-ортопедтердің Халықаралық қоғамының мүшесі SICOT, доцент Абуджазар У.М. ж9мыс жасады. Абуджазар У.М. Алматы мемлекеттік медицина инсституты, емдеу ісі факультетін бітірген. АММИ-ді бітірген соң әрі қарай клиникалық ординатурада, және аспирантурада Санк-Петербургтегі Вреден атындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында оқыды.

2016 жылдың науырызынан бастап кафедра меңгерушісі болып тәжрибиелі хирург, белсенді дәрігер м.ғ.к., доцент Альходжаев Саруарбек Султанбекович тағайындалды. Альходжаев.С.С кафедраның жұмысын жандандыруға жаңартуға; үш тілде оқытуға, интерактивті әдіспен оқытуға, ғылыми-зерттеулік жұмыстарға көп студенттердің қатысуына көп көңіл бөледі.

Травматология және ортопедия кафедрасының клиникалық базасы 1971 ж. бері  №4 ҚКА болып табылады. 2 жыл бұрын аурухананың базасында көпсалалы клиника салынды, алайда жарақаттық қызмет   басты болып  қала береді және арнайы мамандандырылған бөлімдер ашылды: жедел жарақат, бірлескен жарақат, асқынған жарақат және ортопедия бөлімшесі, ірі буындарды эндопротездеу бөлімі ашылды. Бұл клиникада алдыңғы қатарлы технологиялық оталардың барлық түрі, атап айтқанда ірі буындардың эндопротезі, артроскопиялық қалпына келтіру, сынулар және түрлі патологиялық ақауларға заманаұй оталар жасалады Кафедра қызметкерлері аурухана емдік жұмысына белсенді араласады.

Кафедра қызметкерлері күрделі потологиялық аурулары бар Алматы қаласы және Қазақстанның барлық аймақтарынан келген науқастарға медициналық кеңес береді. Кафедра қызметкерлері №4 ҚКА базасынан басқа Алматы қаласының №7 ҚКА, ЖЖШК

Ауруханаларында жұмыс жасайды. Кафедра қызметкерлері ғылыми-зерттеулік жұмыстар, жобалар және зерттеулермен белсенді айналысуда. Оқытушылар ғылыми қоғам мүшесінің студенттерімен бірігіп клиникалық бақылау анализдерін талқылайды және қорытынды ғылыми конференция өткізеді.

Соңғы жылдарда кафедра оқытушыларының жинақтап басып шығарған оқулық және оқу әдістемелік құралдары

  1. «Омыртқа жарақаттары. Жамбас жарақаттары»(оқу-әдістемелік құрал), Алматы-2015г.
  2. «Ожоги» (Оқу құралы), Алматы 2016
  3. «Күйіктер» (Оқу құралы), Алматы 2017
  4. «Повреждения стопы» (оқу-әдістемелік құрал), Алматы 2017г.
  5. «Аяқ басы зақымдануы» (оқу құралы), Алматы 2017

Кафедра құрылғаннан бері мыңдаған студенттер оқытылып шығарылды, травматолог-ортопедтермен Қазақстанның барлық аймақтарын қамтамассыз етуге көптеген жұмыстар жасалды, соның ішінде көптеген бөлім меңгерушілері, жоғарғы білікті мамандар және атақты ғалымдар бар.

 

Альходжаев Саруарбек Сұлтанбекұлы – 2016 жылдың наурыз айынан бастап травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласы және Алматы облысының травматолог-ортопед қауымдастығының сарапшы мүшесі, дәрігер травматолог-ортопед.

Әлқожаев Саруарбек Сұлтанбекұлы 1970 жылы, 1995жылы Алматы Мемлекеттік Медицина Университетін бітірді.

1995-1997жылдардан бастап Алматы қаласындағы ОҚКА-да қабылдау бөлімінде хирург болып жұмыс істеген. 2005 жылдан бастап ҚР ДСМ ТПҰО және сүйек бөлімшесінде хирург, 2005 жылы медицина ғылымдарының кандидат  дәрежесі тағайындалды. Ғылыми жұмысын жалғастырып 2005-2008 жылдары ҚазО және РҒЗИ-да жоғары ғылыми қызметкер, 2008-2012жылдары ҚР ДСМ ТПҰО жоғары ғылыми қызметкер. 2012-2015 жылдары ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасында ассистенттік қызметке қабылданып, кафедра доценті қызметіне бекітілген. Осыдан кейін  2016 жылдың наурызынан бастап, қазіргі уақытқа дейін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –нің травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі болып табылады.

2005 жылы кандидаттық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидат  дәрежесі тағайындалды. ҚР ДСМ ТПҰО және ҚазО және РҒЗИ-да жоғары ғылыми қызыметкер болып жұмыс атқарған.

Әлқожаев Саруарбек Сұлтанбекұлы, травматология  саласында қолданылатын 10 патентпен авторлық  куәландырудың авторы. ҚР-да және алыс жақын шет елдерде 48 мақалалар жарық көрген. Жәнеде  2 методикалық нұсқау және 4  оқу құралының авторы.