Қазақстанда алғаш урология кафедрасы 1940 жылы АГМИ базасында ашылған. Алғашқы жетекшісі: В. В. Зикеев болды
1955-1969 жылы кафедраны З. В. Фанштейн басқарды. 1969-1970 жылдар аралығында АГМИ урология кафедрасын доцент Б.У. Жарбосынов басқарған. 1971-1975 жылдары кафедраны профессор Е. П. Еганов басқарған. 1976-1996 жылдары АГМИ урология кафедрасын қайтадан профессор Б.У. Джарбусынов басқарған. Б.У. Джарбусыновтың тікелей басшылығымен 14 желтоқсан 1990 жылы ҒЗИ урология ашылды, өзі алғаш директоры атанды. Б.У. Джарбусынов арқасында 14 кандидат, 8 ғылым докторы дайындалды. Қазақстандық урология өзінің үлесін қосқаны үшін Б.У. Джарбусынов «Парасат» орденімен марапатталған және ҚР еңбек сіңрген қызметкері атағын алған. Б.У. Джарбусынов қайтыс болған соң 1997-2002 жылдары кафедраны профессор М. К. Алчинбаев басқарған. 2003-2007 жылдар арлығында кафедраны доцент С. Г. С.Г. Зазулевский жетекшілік еткен. 2008-2013 жылдары нефрология курсымен урология кафедрасын профессор А. Т. Токсанбаев басқарған.
2013 жылдан қазіргі таңға дейін урология кафедрасын профессор М. К. Алчинбаев басқарып келе жатыр. Марапаттары: «Қазақстан Ресубликасы денсаулық сақтау iciнің үздігі» белгісі, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атағы (1198 жылы), «Құрмет» орденімен (2003ж) марапатталған. 2005 жылы ғылым, техника, білім саласында «Модель реформирования и совершенствования системы оказания медицинской помощи на основе разработки и внедрения новых высокоэффективных технологий в рыночных условиях» еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 70 жылдығына орай республиканың жетекші хирургі ретінде «Алтын скальпель» ескерткішімен марапатталған. Нефрология тобымен урология кафедрасы Джарбусынов басқаруымен ҚазҰМУ тарихында барлық көрсеткіштері бойынша 1- орынды алған (2002 жылы). РФ медико-техникалық ғылым Академиясының негізгі мүшесі ретінде (академик) сайланған (2007ж), Академияның жоғарғы марапат белгісі – «А. Чижевский алтын медалі»- мен марапатталған. МО және Н ҚР «ҚР ғылым дамуына және еңбегі үшін» төс белгімен (2009ж), «Мінсіз» төс белгісімен (Алматы, 2009ж) марапатталған. «Ұрпақ интеллекті» (2010ж) Құрмет марапатының иегері. 2011жылы «Парасат» және «Алтын адам» ордендерімен марапатталған, 2013 ж. ҚР НАН корреспондент мүшелері – «Үздік ғылым қызметкері» номинациясы бойынша жыл адамы, 2013 ж «Жыл дәрігері » номинациясы бойынша жыл таңдауы
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап, кафедра урология курсына өзгертілді.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, урология курсы, урология кафедрасына өзгертілді.