Жалпы биология кафедрасы 1931 жылы 21 сәуірде медициналық институттың ұйымдасуындағы алғашқы 10 кафедраның бірі болып құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі профессор Захваткин В.А., кейін 1933-1941 ж.ж. биология ғылымының докторы, профессор Бартеньев Александр Николаевич кафедра меңгерді. Кафедра 2 бөлмеде орналастырылды (кафедра меңгерушісінің бөлмесі және бір оқу бөлмесі). Бартеньев А.Н. өз уақытындағы ірі ғалым болатын, бунақденелілер фаунасының, жәндіктер класының бір отряды инеліктер туралы КСРО-да ғана емес шет елдегі үздік білгірлердің бірі, орыс энтомология қоғамының мүшесі, Қазан, Орал және Дон университеттерінің жаратылыстану қоғамының қызығушыларының бірі болған. Қазақ Мемлекеттік Медицина институтының биология кафедрасын меңгеруімен қатар 1935-1937 ж.ж. Қазақ Мемлекеттік Университетінің биология факультетінің деканы болды. Фаунаны зерттеу үшін КСРО бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасының аймақтарында жүргізілген 24 экспедицияны ұйымдастырушылардың және қатысушылардың бірі болды. 104 жазба ғылыми еңбектерге ие.
1941-1954 ж.ж. аралығында уақыт студенттер контингеті мен кафедралар құрамының қызметкерлерінің және оқу бөлмелерінің артуымен сипатталды. 1943 жылы кафедра ұжымы 1 доцент, 2 ассистент және лаборант қызметкерлерімен толықтырылды. 1950 жылы кафедрада 14 қызметкерлер: 1 доцент, 4 ассистент, 3 аспирант, 5 аға және кіші лаборанттар жұмыс жасады. Кафедра микроскоптарға, көз әйнектерге, препараттарға, кестелерге, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Кафедраның меңгерушісі ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, профессор А.А.Войткевич болды. Профессор А.А.Войткевич басшылығымен кафедраның ғылыми қызметі жандандырылды. 1948 жылы аспирантура ашылып, 2 аспирант қабылданды. Кафедраның барлық қызметкерлері қарқынды түрде «Антитиреоидты әрекеттегі әртүрлі заттардың әсерінен жануардың ағзасындағы биологиялық өзгерістер» және «Роль гормонов щитовидной железы в сопротивляемости целостного организма болезнетворным началам» тақырыптардағы ғылыми жұмыстарға қатысты. Даму үрдісінде орталық жүйке жүйесінің зерттеуге қатысты тақырыптағы ғылыми жұмыстардың көлемі кеңейді. Ғылыми жұмыстардың зерттеу нәтижелері 2 еңбек жинағына (1952-1953 ж.ж.), сонымен қатар, А.А.Войткевичтің монографиясына енді. Кафедра ұжымымен 74 ғылыми жұмыс жарыққа шықты. Зерттеу жұмыстарының нәтижесімен 1 докторлық (Захаров В.И) және 4 кандидаттық жұмыстар (Хомулло Г.В., Гордина С.Н., Фейгина А.А., Мунайтбасова Г.А.) қорғалды.
Кафедрада биологиялық және зоологиялық тұрғыдан 2 ғылыми студенттік үйірме үнемі жұмыс жасап отырды. 10 студенттің зерттеу жұмыстарын ғылыми баспаларға басып шығарды.
1954-1956 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып биология ғылымының докторы Захаров В.И. болды. Захаров В.И. бақаның тері безіндегі секреттің биологиялық қаситетіне байланысты зерттеу жұмысы табысты жүргізді. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесімен 40-қа жуық ғылыми еңбектері жарыққа шығып, биологиялық белсенді заттарды зерттеу бойынша авторлық куәлік алынды. Сонымен қатар, көп жылдар бойы зоологиялық студенттік ғылыми үйірменің жетекшісі болды. Медициналық паразитология және бактериология саласында танымалы маман. Захаров В.И. жетекшілігімен Шығыс Қазақстанда гельминтозбен күресу үшін 4 эпидемиялық отряд ұйымдастырылып, ауқымды ғылыми материал жинақталды және кең ұйымдастырылған, сауықтыру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Захаров В.И. қоғамдық-саяси қызметіменде қарқынды айналысты, Алма-ата қаласының тұрғындары үшін жалпы-биологиялық ғылыми дәрістер оқыды. Паразитология сұрақтары бойынша ғылыми-танымал кітапшалардың авторы.
1956-1961 ж.ж. кафедраны Днепропетровск медицина институтының түлегі, биология ғылымдарының докторы, профессор Алеев Алексей Матвеевич басқарды. Бұл жылдары кафедра құрамы 13 қызметкерлерді құрды: (1 доцент, 5 ассистент, 2 аспирант, 4 лаборант). Ғылыми-зерттеу жұмыстары «Заболеваемость гельминтозами населения г.Алма-Аты и мероприятия по его оздоровлению» тақырыптарында жүргізілді. Осы уақыт аралығында 2 аспирант қабылданды: Гагарина Р.Н (1957ж.) және Намитоков А.А. (1959ж.). 22 ғылыми еңбектері жарыққа шықты.
Келесі 12 жыл, 1961-1974 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып 1946 жылы биология кафедрасының жас ассистенті ретінде өз еңбегін бастаған доцент Еланцева В.Р. жетекшілік етті. Еланцева В.Р. ғылыми және қоғамдық қызметін қарқынды жүргізді. «Природная очаговость болезней человека и сельскохозяйственных животных» мәселелерінің ғылыми кеңес мүшесі, Республикалық генетиктер және Қазақстан паразитологтар қоғамдарының басқару мүшесі болды. 30 астам ғылыми еңбектердің авторы. Осы жылдары «Токсоплазмоза животных и человека» тақырыбы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кандидаттық жұмысын кафедра ассистенті Мусабаева Х.Х. (1962 ж.) қорғады. Ұжым жас дәрежелі, соңғы 30 жыл бойы кафедрада жұмыс жасаған оқытушылармен толықтырылып отырды: Посунько Л.Л., Ишмухамедова Н.М., Аманжолова Л.Е., Нуртаева К.С.
1976-1986 ж.ж. кафедраға доцент Сахибзадаев Кален Сапаргалиевич жетекшілік етті. Сахибзадаев К.С. медико-биологиялық пәндер мәселелері бойынша «Знание» Республикалық қоғамның мүшесі, сондай-ақ, ҚазСРО денсаулық сақтау Министрлігінің паразитология мәселелері бойынша Бақылау Комиссиясының мүшесі. Осы уақытта кафедра қызкеткерлерінің құрамы 17 қызметкерлерге жетті. Профессорлық-оқытушы құрамның ғылыми дәрежелігі 75% құрады. Кафедар №2 корпустың 2 қабаттында орналастырылып және 8 оқу бөлмесімен қамтамасыз етілді.
1979 ж. профессор Шевченко В.В. жетекшілігімен доцент Сахибзадаев К.С. «Биология и морфология кровососущих слепней Казахстана» тақырыбында зерттеу жұмысы басталды.
Соңғы 3 жылда 1986-1989 ж.ж. кафедраға биология ғылымының докторы, генетика саласындағы маман Сарсенов Абдикадир Сарсенович жетекшілік етті. А.С. Сарсеновтың ғылыми зерттеулері әр типтегі генетикалық форманың шағылыстыру эффектісінің молекулярлық-генетикалық механизмді түсінегу үлкен көмек көрсетті. Биологиялық ғылыми қоғамның мойындауына қол жеткізді.
Бұл кезеңде кафедра 16 қызметкерлерден тұрды, профессорлық-оқытушы құрамның дәрежелілігі 100% жетті. Кафедрада адамның өмір сүру ұзақтығы бойынша биолигия мәселелеріне ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіле бастады.
1990-1991 ж.ж. биология кафедрасын 1965 жылдан бастап жұмыс жасап келген доцент Посунько Людмила Лукинична жетекшілік етті. Көп жылдар бойы Посунько Л.Л. кафедраға жетекшілік етті. Кафедрада жұмыс жасау барысында «Коммунисттік еңбек екпіндісі» (1983 ж.), «Жұмыста өте жақсы жетістігі үшін» (1989 ж.) белгісімен, «Еңбек ветераны» (1990 ж.) медальімен марапатталды. Осы кезеңде кафедра құрамы 22 қызметкерлерге жетті: 5 доцент, 2 аға оқытушы, 8 ассистент, 6 лаборант.
1991-2001 жылдары кафедраға АММИ емдеу факультетінің түлегі, ғалым, академик Балмуханов С.Б. және Ярмоненко С.П. шәкірті медицина ғылымдарының докторы, профессор Казымбет Полат Казымбетович жетекшілік етті. Профессор Казымбет П.К. жетекшілігімен кафедрада аспирантура (радиобиология мамандығы бойынша)қайта ашылды. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары онкология және радиобиология Казақ ғылыми-зерттеу институтымен «Разработка методов селективной защиты нормальных тканей при лучевой терапии опухолей» тақырыбында бірлесіп өткізілді. Ғылыми-зерттеу жобасы 1994 жылдан бастап 1996 жылға дейін ҚР ғылым және жаңа технологиялар Министрлігімен қаржыландырылды. Алғаш рет онкология және радиобиология Республикалық ғылыми-зерттеу институтында докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау үшін «радиобиология» мамандағы бойынша мамандандырылған кеңес ашылды.
Профессор Казымбет П.К. жетекшілігімен 1 докторлық жұмыс және 4 кандидаттық диссертация (Ким В.Б., 1994 ж. және Еспаева Р.Н., 1998 ж., Тунгушбаева З.Б., 2003 ж., Нуралиева У.А. 2003 ж.) қорғалды. ҒЗЖ нәтижесі денсаулықсақтау тәжірибесіне 3 әдістмелік кеңес ретінде енгізілді және «Способ профилактики осложнений системной лучевой терапии при рефрактерных формах ЛГМ» және «Способ лечения злокачественных лимфом» тақырыбындағы жаңалығы үшін 2 патент алынды.
Бұл кезеңде кафедра жаңа корпусқа орналастырылды және қазіргі таңдаға дейін олрын ауыстырмады. Кафедра құрамы 14 қызметкерден тұрды: (4 доцент, 1 аға оқытушы, 6 ассистент, 2 лаборант). Профессора П.К. Казымбеттің басшылығымен 1998 жылы алғаш медициналық биология және радиобиология бойынша типтік бағдарлама құрастырылды. Осыған байланысты, университетте студенттерді мемлекеттік тілде оқыту басталды, кафедра қызметкерлерімен қазақ тілін оқу бағдарламасына енгізу бойынша үлкен жұмыс жасалынды. Студенттерге арналған «Клетка биологиясы және генетикасы», «Адам биологиясы», «Медициналық генетика мен паразитологиядан типтік және ситуациялық есептер», «Генетика есептерінің жинағы» және тағы басқада әдістемелер жарыққа шықты.
Жұмыстың қорытындысы алғашқы қазақ тіліндегі медициналық биология оқулығының жарыққа шығуымен байланысты болды (авторлар Казымбет П.К., Нуртаева К.С., Аманжолова Л.Е., 2000 ж.).
Фармацевтика факультетінің 1 курс студенттеріне арналған алғаш оқыту басталды. Осы студенттер үшін кафедра доценті Иржанова Х.Ш. оқу бағдарламасы құрастырылды. Осы жылдары емдеу және педиатрия факультеттерінің студенттері үшін радиобиология курсы оқытыла бастады. Оқу бағдарламасы құрастырылды, радиобиология бойынша әдістемелік нұсқаулар (проф. Казымбет П.К., доц. Джумашева Р.Т.), «Радиационды экология» әдістемелік оқу құралы (Джумашева Р.Т., Мажренова Н.Р.) әзірленіп, жарыққа шықты.
1991 жылдан бастап 2001 ж.ж. аралығында ауқымды ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жүргізілді, кафедра ұжымымен студенттерге арналған 40 әдістемелік оқу құралы, 200 – ге жуық ғылыми мақалалар жарыққа шықты.
Бұл жылдары қарқынды еңбек еткен оқытушылар Посунько Л.Л., Ишмухамбетова Н.М., Бегимбетова Д.Ж., Иржанова Х.Ш, Аманжолова Л.Е., Нуртаева К.С., Захарченко Г.Н.,Кайдаулова Н.В., Альмухамбетова С.К. және тағы басқалар болатын.
2001-2017 ж.ж. кафедраға жетекшілік еткен, кафедраның одан ары қарайғы дамуына үлкен үлесін қосқан, медицина ғылымдарының докторы, профессор Куандыков Есенгельды Усербаевич. Куандыков Е.У. 100 астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың, 8 оқулықтың және орысша-қазақша сөздіктің негізгі генетикалық және биологиялық терминінің авторы.
2004 жылы профессор Куандыкова Е.У. редакциялығымен, кафедра ұжымы ауқымды ақпарат блогымен және барлық тақырыпты қамтитын көрнекі түрлі-түсті суреттерімен қамтамасыз етілген “Медициналық биология және генетика” 2 тілдегі оқу құралы жарыққа шықты. Қазақ тіліндегі медициналық биология және генетика оқулығы қайта жарыққа шықты (авторлары Абилаев С.А., Куандыков Е.У.).
Бұл кезеңде кафедрада “Шығыс медицинасы”, “Медико-биологиялық іс” (Джумашева Р.Т., Таракова К.А., медико-профилактикалық факультеттің 3 курс студенттері үшін медициналық паразитология бойынша (Нуртаева К.С.). жаңа мамандықтарға арналған жұмыс бағдарламалары әзірленді.
Жаңа білім стандартының енгізілуіне байланысты 2007 жылдан бастап молекулярлық биологияны оқыту басталды, және де осы себеппен кафедра атауы молекулярлық биология жән емедициналық генетика болып өзгертілді.
Осы мезетте, профессор Куандыков Е.У. және кафедра ұжымы бірлесіп Қазақстанның барлық медициналық ЖОО базалық оқулық ретінде қолданылатын орыс және қазақ тіліндегі «Молекулярлық биология негіздері», «Медициналық генетика негіздері» оқулықтары әзірленіп жарыққа шықты. Кафедра ұжымы 100 жуық ғылыми-әдістмелік мақалаларды, тезистерді, оқу-әдістмелік оқулықтарды жарыққа шығарды.
Пәнді оқыту заманауи инновациялық технологияларды қолданумен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Белсенді оқыту әдісі бойынша 20 астам енгізу актісі алынды.
2023 жылдың 29-30 қыркүйегінде Астана қаласында «Пренаталды медицинаның заманауи аспектілері» I Халықаралық конгрессі өтті.
Құрметті қонақ ретінде шақырылған Қазақстандағы медицина-генетикалық қызметтің негізін қалаушы ретінде профессор Е.У.Қуандықов құттықтау сөз сөйлеп, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқаратын пренаталды медицина саласында жұмыс істейтін мамандардың бірінші халықаралық конгрессіне сәттілік тіледі.
Конгресстің ғылыми бағдарламасы аясында келесі негізгі тақырыптық бағыттар талқыланды:
– жүктіліктің 1 және 2 семестріндегі хромосомалық ауытқулардың ультрадыбыстық маркерлері;
– хромосомалық патологияның жаңа ультрадыбыстық маркерлері;
– генетикалық аурулардың пренаталдық скринингінің заманауи аспектілері;
– инвазивті диагностиканың цитогенетикалық негіздері;
– ана мен ұрықтың өзара әрекеттесуінің генетикалық факторлары.
Кафедра ұжымы, 2006 ж.
Кафедра қызметкерлерінің еңбектері университет әкімшілігімен, Денсаулықсақтау Министерлігі, ҚР Білім және Үкіметімен бағаланды.
2017-2018 оқу жылынан бастап кафедраға биология ғылымдарының докторы, профессор Джумашева Рахима Тажибаевна жетекшілік етіп келеді. Джумашева Р.Т. 121 ғылыми-әдістемелік еңбектің, сонымен қатар, 1 монография, 3 оқу құралықтың, 3 патенттің авторы.
Германии, Корее, Японии, Испании, Қытай, Россия және тағы да басқа мемлекеттердің Республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар мен конгресстер жұмысына қатысқан.
Джумашева Р.Т. жалпы медицина факультетінің деканы, тәрбие жұмысы жөнінде, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық қатынастар бойынша проректор болған. Жемісті еңбегі үшін және медициналық білім мен ғылымға қосқан үлесі үшін Джумашева Р.Т. Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау Министерлігінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2013ж.) төс белгісімен, Қазақстан Республикасының тәуелсіз ұлттық рейтингі «Еңбек қызметінің нәтижелілігі үшін» (2013ж.) медальімен марапатталды.
2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша «ҚазҰМУ Таланты» номинациясының жеңімпазы. Луи Пастер (2015ж.) медальімен марапатталды.
Қазіргі таңда кафедра университеттің жетекші кафедраларының бірі. Кафедра құрамы 21 қызметкерлерге жетті: 3 профессор, 3 доцент, 3 аға оқытушы, 9 оқытушы, 2 аға лаборанта, 1 лаборант.
2017-2018 оқу жылының басында 10 оқытушы негізгі жұмысынан қол үзбей «Үлкен және кіші топтарда белсенді оқыту әдісі» және «Медициналық ЖОО бағалау және сараптау» цикл бойынша мамандығын жетілдіру курсын өтті. Оқытушы Нугуманова Н.И. және Молдакарызова А.Ж. аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де мамандығын жетілдіру курсын өтті.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап кафедраны генетика ғылымдарының PhD докторы Кудиярова Жанар Сырлыбайхановна басқарады.
PhD Ж.С. Кудиярованың 50-ден астам жарияланған жұмыстары бар, оның ішінде 1 монография және 2 оқу құралы. Ол ұлттық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысты – Ланкастердегі «Азот 2007» (Ұлыбритания), Венециядағы «WASET» (Италия), Афинадағы (FEBS) (Греция), «SEB» Лондон.
Ж.С. Кудиярова ғылыми жоба үшін беделді стипендияға ие болды. 2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың қазан айына дейін Харпендендегі (Ұлыбритания) Ротамстед астық дақылдарының генетикалық жақсарту ғылыми-зерттеу орталығында постдокторлық тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту барысында ол «Британдық экологиялық қоғамның, биохимиялық қоғамның және Эксперименталды биология қоғамының бірлескен отырысы, күйзеліске қарсы әрекет: молекулалар, организмдер және қоршаған орта» конференциясына, сонымен қатар Naturejobs Career EXPO – Лондон 2011 көрмесіне қатысқан. 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін доцент м.а. болып қызмет атқарды Алматы технологиялық университетінің доценті. 2013 жылы ол ғылым бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды, «Жоғары мектеп менеджменті» курстарына қатысты, Варшавада өткен және «Университеттерді интернационалдандырудың бірлескен бағдарламалары» INTERUV конференциясына қатысты, ERASMUS бағдарламасы бойынша Польшаның білім беруді дамыту жүйесімен ұйымдастырылған. 2011-2014 жж. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтында «Құрғақшылыққа жоғары төзімді арпаның жаңа сорттарын құру» жобасы бойынша ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап Ж.С. Кудиярова Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында ағылшын тілінде сабақ жүргізеді және 2019 жылдан бастап молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Кафедра ұжымы, 20019 ж.
Қазіргі уақытта кафедра университеттің жетекші кафедраларының бірі болып табылады. Бөлімнің штаттық құрамы 15 қызметкерден тұрады: 1 – кафедра меңгерушісі, 1 профессор, 1 доцент, 4 лектор, 8 ассистент. Кафедра оқытушыларының 40% -ы ағылшын тілінде сабақ береді.
2019-20 оқу жылының басынан бері 8 мұғалім жұмыс үстінде, ағылшын тілін үйренуде.
Көптеген қызметкерлердің мамандықтар мен педагогика бойынша біліктілігін арттыру туралы сертификаттары бар.
Соңғы екі жыл ішінде кафедра қызметкерлері 31 мақала және 7 тезис жазып, жариялады.
Қазіргі уақытта кафедрада жоғары білікті профессор, доцент, оқытушылар мен ассистенттер бар, олар өз білімдері мен тәжірибелерін студенттеріне таратады. Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының бірнеше ұрпақтарының қызметкерлері ондаған жылдар бойы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына жоғары сапалы мамандар даярлау үшін барлық бағытта орасан зор жұмыстар атқарды.
07.09.2021 жылдан бастап кафедраны биология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдакарызова Айжан Жанарбекқызы басқарады.
Молдакарызова Айжан Жанарбекқызының жалпы еңбек өтілі 33 жыл, оның ішінде 21 жыл ұстаздық еңбек, 20 жыл жоғары оқу орнында жұмыс істеген. Оның 55-ке жуық ғылыми мақалалары, 8 оқу-әдістемелік жұмыстары жарияланған. Студенттердің ғылыми жетекшілігімен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушысы және 3 енгізу актінің авторы.
2014-2015 жж – ЖОО ішілік грант бойынша «Мектеп құралдарының оқушылардың денсаулығына әсерін бағалау» жобасының жетекшісі.
2018 жылы «Денсаулық туралы ғылымдар» бірінші халықаралық студенттік конгресінің ұйымдастырушыларының жауапты мүшелерінің бірі болды.
Кафедра келесі мамандықтар бойынша силлабустар әзірледі:
2 курс «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау»,
1 курс «Жалпы медицина», «Педиатрия» және «Қоғамдық денсаулық сақтау»,
«Биомедицина» магистратурасының 1 және 2 курсы және резидентураның 1 курсы,
3 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Сонымен қатар, барлық пәндер бойынша студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блоктар қайта дайындалып, сириусқа жүктелді;
2022 жылы кафедра ассистенті Аубакирова А.Б. магистратураны бітірді (ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Молдакарызова А.Ж.). Диссертация тақырыбы: «Дәрілік өсімдік субстанция көмегiмен аллоксан диабеті кезiндегi ұйқы безiнiң морфо-функционалды өзгерiстерiн түзету жолдары» атты тақырыбы 02.11.2020 жылы бекітілді.
2022 жылы кафедра Желтоқсан, 37А мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратқа көшті.
Кафедра ұжымы, 20021 ж.
2022 жылы магистратураға ассистент Досмағанбет Ж.М. қабылданды (ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Молдакарызова А.Ж.), диссертация тақырыбы: «Пандемия кезіндегі Алматы қаласында SARS-CoV-2 коронавирусының штаммдарын генетикалық типтеу.
2023 жылғы 13 наурызда Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде «Қазақстандағы биомедициналық-генетикалық зерттеулерді дамыту перспективалары» атты Республикалық конференция ұйымдастырылып, онда кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. Молдакарызова А.Ж. қатысты.
Қазіргі уақытта кафедрада:
Кафедра меңгерушісі, 1- медицина ғылымдарының докторы, профессор, 2 – биология ғылымдарының кандидаты, доцент; 6-лекторлар; 8 – магистр ассистенттер; 1 – лаборант жұмыс істейді.