С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің «Дерматовенерология» кафедрасының қалыптасқан дәстүрлері бойынша мамыр айының мейрамдарына байланысты «Алматы қаласының ардагерлер үйіне»- «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» қонаққа келді.
Қайырымдылық науқаны бойынша, кафедра қызметкерлері «Ардагерлер үйінің» тұрғындарына тегін қарап тексеру мен консультация жүргізді.Медициналық процедуралар біткеннен соң, Дерматовенерология кафедрасының ұйымдастыруымен С.Ж.Асфендияров атындағы Медициналық университетінің 5 курс студенттері Ардагерлер үйінің тұрғындары мен қызметкерлеріне Жеңіс күніне арналған концерт қойды.
Медициналық униерситетінің студенттері үшін үлкен тәрбиелік мақсат алған іс-шарадан бұрын кафедра меңгерушісі Бейсебаева У.Т.-ның ыстық лебізді құттықтау тілектерінен соң,ҰОС ардагерлері мен тыл жұмысшылары сол бір суық күндердің қиыншылықтарын еске алды. Ардагерлердің еске алулары кафедраның қызметкерлері мен студенттердің орындауындағы сол бір кездердің әндері бір-біріне жараса кеткендей.Осы бір кештің кереметтілігі соншалықты,ҰОС ардагерлері шырқалған әндерге қосылып отырды.
Үлкен және жас буындардың әңгімелесуімен өткен кездесуде «Синий платочек», «Катюша» әндеріне көпшіліктің билеумен аяқталды.
Осы қызықты да керемет кездесуден үлкен әсер алған кафедра қызметкерлері мен студенттері осындай кездесулерді көбірек өткізуге уәде берді.