Кафедра тарихы

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы 1932 жылы ұйымдастырылды. Адам морфологиясы кафедрасы деген атпен алғашқы екі жылда қалыпты анатомия кафедрасымен бірікті. Кафедраның меңгерушісі болып профессор П.О. Исаев қызмет істеді. Ол кезде кафедрада 7 микроскоп, 60 микропрепарат, 2 оқу кестелері болған.

1933 жылы кафедраның өзіне 40 шаршы метр оқу орны берілді. 1934 жылы кафедра меңгерушісі  болып  З.Ф.Гусаева тағайындалды.  З.Ф.Гусаеваның тұсында сабақ беру ісі бірталай ілгеріледі. 1937 жылы алғаш рет ассистенттік штат бекітіліп, А.В.Кирилличева және И.С.Новик практикалық сабақтар беруге шақырылды.

Сол уақыттан бастап кафедрада  ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.  З.Ф.Гусаева мәскеулік профессор  Б.К.Белецкийдің басшылығымен адам ұрығының  даму барысындағы патологиясын оқып зертттеді.  А.В.Кирилличева профессор В.П. Рощиннің жетекшілігімен көздің мүйізді қабатын ауыстырып салу жұмысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ұлы Отан соғысы  кезінде кафедра ұжымы орталық медицина институттарынан келген оқытушылар санымен өсті. 1941 жылдан 1945 жылға дейін кафедраны Смоленскіден келген Л.И.Фалин басқарды. Онымен қатар кафедраға ассистенттер В.В.Анисимова, Н.М.Римчина, Е.Д.Пискунова қабылданды.   Л.И.Фалиннің басқаруымен оқу үрдісіне көптеген жаңалықтар енгізілді, сабақтарда эволюциялық  гистология және эмбриология сұрақтарына көбірек көңіл бөлінді. Профессор Л.И.Фалин дәрістерді тамаша оқыды, емтихандарды талапқа сай қатаң қабылдады және оқытушылардың  мамандығын жетілдіру, оқу -әдістеме жұмыстарына көп уақыт бөлді. Барлық оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.

1943 жылы алғашқы ғылыми жұмыстар қорғалды.  Л.И.Фалин “ Жыныс бездерінің тератоиді ісігінің патогенезі және морфологиясы” тақырыбына докторлық  диссертациясын қорғады. Ассистент  А.В.Кирилличева “Аутопластика жағдайында мүйізді қабықты ауыстыру” тақырыбына кандидаттық  жұмысын қорғап шықты.  1944 жылы В.В.Анисимова, 1945 жылы ассистент Е.Д.Пискунова өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтап, табысты қорғап шықты.

Ұлы Отан соғысы аяқталғанан  кейін басқа жақтан келген оқытушылар өз еліне оралды, бос орындарға  Қазақ медицина институтында білім алып, тәрбиеленген – Е.П.Смирнова, Н.М.Беляева, Т.С.Пляскина сияқты жас мамандар, ал кафедра басшылығына патологиялық анатомиядан ауысып Э.Г.Троицкая келді. Оның басшылығымен пәнді беру әдістемесін жетілдіру, жақсарту жұмыстары қолға алынып, бірқатар жұмыстар атқарылды – дәрістердің  тақырыбы кеңейтілді, әрбір бөлім бойынша практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалды. Кафедраны жаңа оқу ғимаратына ауыстырды, бірнеше оқу бөлмелері қосылды,кестелер, микропрепараттар, микроскоптар қоры көбейді.

1949 ж. АММИ гистология кафедрасының ұжымы

Төменгі қатардаолдан оңға қарай)

  1. Иванова Татьяна Михайловна – ассистент. 2. Гусева Зинаида Федоровна – доцент,. мед.ғ. канд. 3. Троицкая Екатерина Георгиевна –кафедра меңгерушісі, доцент, м,ғ.к.  4. Кирилличева Антонина Васильевна – доцент, м,ғ.к 5. Смирнова Екатерина Павловна – ассистент.

Жоғарғы қатарда олдан оңға қарай)

  1. Беляева Наталья Николаевна – ассистент. 2. Пухова Нина Николаевна – ассистент. 3. Пляскина Татьяна Сергеевна – ассистент. Ганжа Ксения – лаборант.  4. Савельева Наталья Лазаревна – лаборант.  5. Китаева Мария Васильевна – лаборант.

Осы кезеңде кафедрада оқу-зерттеу жұмыстары әр түрлі бағыттыа жүрді.   Е.Г.Троицкая ересек адамдардағы алғашқы туберкулездің морфологиясын зерттеді. З.Ф.Гусаева өзінің бұрынғы зерттеулерін жалғастырып, 1950 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1958 жылы кафедраның шәкірті Н.Б.Беляева “ Постнатальдік кезеңде адам бүйрегінің жас ерекшеліктері”  тақырыбына кандидаттық жұмысын қорғады.

1957 анатомия кафедрасынан ассистент  Н.А.Урина, 1960 жылы биология кафедрасынан ассистент Х.Х.Мусабаева ауысып келді.

1959 жылдың қыркүйек айында  Е.Г.Троицкая зейнет демалысына шықты. Кафедраның меңгерушілігіне жарияланған конкурстан өтіп, доцент  А.В.Кирилличева тағайындалды.  А.В.Кирилличева кафедраны 1971 жылға дейін басқарды. Бұл тұста кафедра көптеген жаңа құралдармен жабдықтандырылды, жаңа кадрлар іріктеліп алынды, оқу ісі алға жылжыды. Дәрістер көптеген жан-жақты материалдармен толықтырылды. Практикалық сабақтар сол кезең талабына сай жаңа бағдарламамен өткізіле бастады.

 

1965 ж. АММИ гистология кафедрасының ұжымы

Төменгі қатарда (солдан оңға қарай)

1.Царенко Раиса Николаевна – лаборант.  2. Беляева Наталья Николаевна – доцент, м.ғ.к,  3. Кирилличева Антонина Васильевна – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.  4. Гусева Зинаида Федоровна – доцент, м.ғ.к.,  5. Мусабаева Хамида Хасеновна – доц. м.ғ.к.

Жоғарғы қатарда олдан оңға қарай)

1.Кипкаева Антонина Николаевна – аға лаборант.  2. Пухова Нина Николаевна – ассистент.  3. Юй Рудольф Иванович – аспирант.  4. Сахиулина Валентина Аркадьевна – ассистент.  5. Калинина Маргарита Сергеевна – аспирант. 6. Урина Наталья Арнольдовна – ассистент.  7. Гриценко Вера Ивановна – лаборант.  8. Кальметьева Анна Андреевна – ассистент.  9. Савельева Наталья Лазаревна – лаборант.  10 Рыбалкина Тамара – лаборант.

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына гистогенез,ткандердің реактивтілігі, регенерация, эволюциялық динамика тақырытары қосылып, кеңейтілді.

1960 жылы А.В.Кирилличева жылдар бойы зерттеген ғылыми жұмыстарының нәтижесінде докторлық  дессертациясын қорғады. Ал 1962  Х.Х.Мусабаева,  Е.П.Смирнова көкбауырдың лабороториялық жануарлардағы жас ерекшеліктерін зерттеп , 1964 жылы кандидаттық жұмысын қорғады.  А.В.Кирилличева студенттерді  ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу мәселесін мақсат етіп қойды,өзі бірнеше жылдар бойы студенттердің гистологиялық үйірмесінің жетекшісі болды. А.В.Кирилличева дайындаған  3 аспирант – Р.И.Юй,  М.С.Калинина,  Г.В.Федотовских кафедраның жалпы тақырыбы бойынша:  Р.И.Юй  – Адам  және жануарлар онтогенезіндегі ұйқы безінің цитологиялық және цитохимиялық зерттеулері,  М.С.Калинина –  Метиониннің  дәнекер ткандерінің реактивтік қасиетіне ықпалы,  Г.В.Федотовских –Э кстремальді  факторлардың әсерінен бүйректің морфогистохимиялық өзгерістерді кандидаттық жұмыстарын қорғады.

1965 ж. Проф. А.В. Кирилличева с аспирантарымен Р.И.Юй және М.С.Калинина.

1971 жылдан 1983 жылға дейін кафедраны Алматы медицина институтуының шәкірті доцент  Х.Х.Мусабаева басқарды. Ол практикалық сабақтарды жүргізудің бағдарламасына көп өзгертулер енгізді. Оқытушыларға және студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар әр мамандық  бойынша ерекшеліктері  ескеріліп  факультеттерге жеке-жеке қайта құрастырылды. Х.Х.Мусабаеваның жетекшілігімен кафедра қызметкерлері  Д   витамин жетіспеушілігі және аминоқышқылдық дисбаланс сұрақтарын талқылап, сонымен қатар,қалыпты қоректенудің гистогенезге және ішкі органдардың құрылымына әсерін зерттейді.

Доцент  Р.И.Юй  1988 жылы “ Иондық сәулелердің және динамикалық факторлардың бірігіп, ішкі мүшелердің морфо-функциональдық күйіне әсері ” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1983-98 жылдары кафедраны Алматы Мемлекеттік медицина институтының  түлегі, медицина ғылымдарынң докторы, профессор А.С.Толыбеков  басқарды.  А.С.Толыбеков  аспирантура мен докторантурадан Ленинградтың эксперименттік медицина институтында өтті. Ол кісінің келуімен кафедраның коллективі  “Сыртқы орта факторларының организмге әсері”  деген тақырыпта зерттеу жұмыстарын бастады. Фосфор бағдарламасы бойынша 2 докторлық және 2 кандидаттық диссертациялар қорғалды.  Москваның  1-медицина институтымен бірге отырып, кафедра оқытушылары  “Гистология, цитология және эмбриологиядан лабороториялық сабақтар (М.,1990ж.)” деген еңбекті жарыққа шығарды.

1989 жылы Қазақ Мемлекеттік медицина университетінде мемлекеттік тілде оқыту қолға алынды.1989-90,  1990-91 оқу жылдарында дәрістерді, лабораториялық сабақтарды профессор  К.Ш.Баймухамбетов және доцент  Р.Б.Әбілдинов жүргізді. 1991-92 оқу жылынан бастап доцент К.Е.Сисабеков, аға оқытушы  Ж.О.Аяпова мемлекеттік тілде сабақ жүргізуді бастады.

1991-1992 жылдардан бастап кафедрада қазақ тілінде доцент К.Е.Сисабеков, аға оқытушы Ж.О.Аяпова, ал 1993-1994 жылдан бастап оқытушы М.Г.Адилова сабақ өткізе бастады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілде доценттер М.Ж.Ерғазина, Н.М.Тусупова, аға оқытушылар Ж.О.Аяпова, Г.К.Есимова, З.Н.Джангельдина, оқытушылар: А.Т.Абжапарова, А.К.Жаңбырбаева, Ф.Д.Алсеитова, Р.Т.Тагирова, Р.С.Омаровалар сабақ өткізуде. Университетімізде ағылшын тілінде оқытатын бөлім ашылғаннан бері бірнеше оқытушылар ағылшын тілінде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізіп жүр. Олар Е.С.Джадранов, М.С.Калинина, Ш.Ш.Мулькибаева, А.Р.Есполаева.

1998-2013 жылдар арасында кафедра меңгерушісі болып профессор  Р.И.Юй қызмет істеді.  Р.И.Юйдің  басшылығымен ғылыми мәселені   – Тіршілік  ортаның  өзгеруіне байланысты ішкі мүшелердің тәуліктік ритмінің цитологиялық негіздерін шешумен айналысып келеді. Осы мәселе бойынша 2 кандидаттық дисссертация қорғалды.Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстарға көп көңіл бөледі. Соңғы екі жылда 1800-ден астам оқу және емтихан тест сұрақтары  құрастырылды. Тест құрамына суреттер енгізілді. Жеке гистология курсынан оқытушылар үшін жаңа әдістемелік нұсқаулар жазылды. 2003-2004 оқу жылында гистология кафедрасы университет бойынша оқу-әдістемелік жұмыс бойынша ең үздік деп саналды.

2010 ж. ҚазҰМУ гистология кафедрасының ұжымы

Төменгі қатарда (солдан оңға қарай)

  1. Г.К.Есимова – преподаватель. 2. Б.Н.Нурмухамбетова – профессор. 3. Р.И.Юй – профессор кафедра меңгерушісі, 4.Р.Б.Абильдинов – доцент, б.ғ.к. 5. С.А.Семченкова – доцент, б.ғ.к. 6. М.Г.Адилова – оқытушы.

Жоғарғы қатарда (солдан оңға қарай)

Л.И.Наумова – оқытушы 2. Ж.О.Аяпова – аға оқытушы. 3. Р.Т.Тагирова. – оқытушы 4. З.Н.Джангельдина – оқытушы, б.ғ.к. 5. Ж.А.Мухаметжанова – лаборант. 6. М.С.Калинина – доцент, м.ғ.к 7. Н.А.Дручинина –лаборант. 8. М.Ж.Ергазина – доцент, м.ғ.к.  9. Т.Ф.Кругликовская – аға оқытушы, б.ғ.к. 10. Ш.Ш.Мулькибаева. оқытушы 11. Н.М.Тусупова – аға оқытушы, б.ғ.к. 12. А.К.Жанбырбаева – оқытушы. 13. Ф.Ж.Алсеитова – оқытушы. 14. А.Т.Абжапарова – оқытушы

Проф. Р.И.Юй аспиранттарымен М.Ж.Ергазина және Д.Э.Асанбаева

Аға оқытушы Ж.О.Аяпова 2011 жылы қазақ тілінде гистология бойынша оқулық басып шығарды, ал 2010 жылы оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. 2009 жылы гистология бойынша атлас жарық көрді (авторлары: Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.И.Юй), 2010, 2012 жылдары Микросуреттер атласы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 2 рет жарық көрді. Сонымен қатар 3 тілде Гистология-1 бойынша тест тапсырмалары (2013), Гистология-2 бойынша тест тапсырмалары (2010) дайындалды. Р.И.Юй «Ауыз қуысы мен тістердің гистологиялық негіздері» атты оқулығын қазақ және орыс тілдерінде шығарды. 2014 жылы Гистолгия-2 оқулығы жарық көрді (Ж.О.Аяпова) 2015 жылы 3 тілде атлас жарық көрді (авторлары: Р.Б.Абильдинов, Р.И.Юй, М.Ж.Ергазина, Ж.О.Аяпова). 2017 жылы авторы Р.И.Юйдың «Ауыз қусымен тістердің гистологиялық негіздері» атты ағылшын тілінде және «Гистологиялық терминдердің негіздері атты түсіндерме сөздік» 3 тілде авторлары  Абильдинов Р.Б., Ергазина М.Ж., Юй Р.И. жарыққа шықты.

Кафедра қызметкерлері оқу, әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстармен үнемі айналысады.

Гистология кафедрасының доценті,м.ғ.к. Ергазина М.Ж. және стоматология факультетінің студенті Рахимова А. (қызыл иек сайынан материал алу).

2012 ж. Визитинг-профессор Н.Н.Заречнова кафедра қызметкерлерімен.

2012 жылы сәуір айында кафедраға профессор Н.Н.Заречнова Қырғыз медицина академиясынан келіп «Эндокринді жүйенің биік таулы аймақтағы адамдағы ерекшелігі» тақырыбында дәріс оқыды.

2014 жылы желтоқсан айында Новосібірден ультрақұрылымдық зерттеу институтының лаборатория меңгерушісі Н.П.Бгатова дәріс оқыды.

ҒЗИ институты және Ресей эксперименталды ультрақұрылымдық лабороторияның меңгерушісі  профессор Бгатова Н.П. дәріс оқуда.

  1. С.Ж.Асфендиров атындағы ҚазҰМУ атақты профессоры Идрисов А.А., профессор Бгатова Н.П және доцент гистология кафедрасының оқытушыларымен: сол жақтан Тусупова Н.М.-  Гистология-2 модул жетекшісі; Мулькибаева Ш.Ш. аға оқытушы, Р.И.Юй – С.Ж.Асфендиров атындағы ҚазҰМУ атақты профессоры; Бгатова Н.П.,  Ергазина М.Ж. – гистология каф. меңг., және оқытушылар Адилова М.Г., Жанбырбаева А.К.

2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі ретінде кафедра доценті медицина ғылымдарының кандидаты Марал Жүнісбекқызы Ерғазина тағайындалды. Ол 1998 жылдан бері кафедрада қызмет атқарады. 2001-2004 жылдары кафедра аспиранты, 2005 жылы профессор Р.И.Юйдің жетекшілігімен 03.00.25 гистология, цитология және клеткалық биология мамандығы бойынша «Цитофункциональный анализ суточного ритма десны в различные возрастные периоды» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Кафедра  қызметкерлерінің ұйымдастырылғанынан бастап  күні  бүгінгі дейін 1000-нан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 26 монография мен оқулықтар шығарылды, 6 докторлық және 23  кандидаттық диссертациялар қорғалды. Халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға, сьездерге кафедра  қызметкерлері үнемі белсенді қатысып келеді.