ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысымен Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасы қабылданды. Қабылданған тұжырымдамаға сәйкес жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлау «Жалпы медицина» мамандығы бойынша базалық медициналық білім беру шеңберінде көзделген. “Жалпы медицина” мамандығы бойынша дәрігерлерді дайындау үшін мемлекеттік білім беру стандарты дайындалды, онда түлектің негізгі құзыреттері белгіленді.
2007 жылы университетке «Жалпы медицина» мамандығы бойынша алғашқы студенттерді қабылдау қабылданды. Оқу процесіне МЖМБС-ның жаңа құзыреттерін жүзеге асыру және енгізу үшін «Жалпы медицина» факультеті құрылды.
2007 жылы факультетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1300 студент, сондай-ақ жеделдетілген бөлімде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 52 студент оқыды. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін ректордың 02.09.2007 ж. № 874-л бұйрығымен «Жалпы медицина» факультетінің деканаты құрылды. Факультет деканы болып Джумашева Рахима Тәжібайқызы 2007-2016 жылдар аралығында тағайындалды.
2016-2020 жылдары «Жалпы медицина» факультетінің деканы Гүлжан Амангелдіқызы Шопаева болды.
14.09.2020 ж. Директорлар Кеңесінің «С.Д. Асфедияровтың ҚазҰМУ ұйымдастыру жұмысы» №9 хаттамасымен «Жалпы медицина» мектебі 2 бөлімшеге бөлінді:
– «Жалпы медицина» мектебі – 1
– «Жалпы медицина» мектебі – 2
«Жалпы медицина»-1 мектебі деканы м.ғ.к. Измайлова Слу Хабибиевна тағайындалды.
«Жалпы медицина» – 1 мектебі 1,2,3 курсқа жетекшілік етеді. Мектептің негізгі міндеттері деканат пен жетекшілік ететін кафедралардың жұмысын үйлестіру және үш бағыт бойынша қызымет атқарады:
– ғылым
– білім
– тәжірибие
«Жалпы медицина -1» мектебі базалық және жалпы білім беретін пәндердің 13 кафедрасына жетекшілік етеді:
1) Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы
2) Гистология кафедрасы
3) Патологиялық физиология кафедрасы
4) Фармакология кафедрасы
5) Тілдік пəндер кафедрасы
6) Жалпы иммунология кафедрасы
7) Микробиология, вирусология кафедрасы
8) Молекулалық биология жəне медициналық генетика кафедрасы
9) Анатомия кафедрасы
10) Биохимия кафедрасы
11) Қазақстан тарихы жəне əлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасы
12) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы
13) Коммуникативті дағдылар кафедрасы