С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ең көне кафедраларының бірі, 1934 жылдың қазан айының соңында ашылған акушерия және гинекология кафедрасы. Кафедраның тарихы – бұл акушерлік ғылымның даму тарихы, Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.
Кафедраның негізін қалаушы – профессор Александр Иванович Малинин, ол 1934-1951 жылдар аралығында кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Ол кафедраны профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етуде және клиникалық базаны нығайтуда үлкен жұмыс жасады, сонымен қатар өзі 17 жыл басқарған Республикалық акушер-гинекологтар қоғамын ұйымдастырды. Профессор А.И. Малининнің және кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері республикадағы акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру, қан құю, аборттар, босанғаннан кейінгі септикалық аурулар мәселелеріне тоқталды. Профессор А.И. Малинин жетекшілігімен 9 кандидаттық диссертация қорғалды, соның ішінде К.Д.Утегенова: «Аналық бездердің алғашқы обыры, клиникалық және гистологиялық аспектілерде» және Х.Е.Мурзалиева: «Іш сүзегі кезіндегі жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең».
Ленинградтан келген м.ғ.д., профессор Яков Савельевич Кленицкий 1951-1958 жылдары кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Қазақ мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болған кезде Я.С. Кленицкий жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауда үлкен жұмыс жасады. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары алыстағы жайылымдық шаруашылық жағдайында өмір сүретін әйелдерге медициналық-профилактикалық көмекті ұйымдастыру, босану әрекетінің ауытқуларының диагностикасы мен емін оптимизациялау, бедеу неке. Тәжірибелерінде қатерлі ісіктердің пайда болуындағы жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Я.С. Кленицкий шәкірттері – М.А.Бульина, С.Н. Нұғманов, Р.С. Аманжолова, Ю.В. Дрейзин, Н.Н. Мезинова – кандидаттық және докторлық диссертацияларын сәтті қорғады, кейін кафедра меңгеруші қызметін атқарды. С.Н. Нұғманов 1960 жылы ашылған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры болды.
Камила Досовна Өтегенова, м.ғ.д., профессор, 1958-1978 жылдар аралығында кафедра меңгеруші қызметін атқарды, профессор А.И. Малининнің шәкірті. К.Д. Өтегенованың докторлық диссертациясы сол кездегі жаңа бағытқа – ана ағзасы мен жатыр ішіндегі ұрық қатынастарына арналған және зерттеулер Ленинградтың зертханалары мен клиникаларында өткізілді. Оның жетекшілігімен 26 кандидаттық диссертация дайындалып, қорғалды. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері – ана мен перинаталды өлімнің алдын-алу мен азайтуға арналған. К.Д. Өтегенова шәкірттері арасында Н.А.Каюпова республикада және одан тыс жерлерде үлкен атаққа ие, аспиранттан кафедра профессорына, республикалық Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығының директорына дейінгі жолдан өтті. Н.А.Каюпова «Парасат» алқасымен марапатталды, Халық депутаты және Сенатор болды.
Надежда Никитична Мезинова м.ғ.д., профессор, 1978 жылдан 1993 жылға дейін кафедра меңгеруші қызметін атқарды, содан кейін 20 жыл осы кафедраның профессоры болды. Профессор Н.Н.Мезинованың және оның шәкірттерінің негізгі ғылыми бағыттары жатырдың жіне сүт безі ісік алды ауруларының диагностиканы, емін және профилактикасын жақсарту, перинаталды және ана өлімі қаупі жоғары әйелдердің жүктілігі мен босануын жүргізуді оптимизациялау болды. Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 22 кандидаттық диссертация қорғалды.
Адебиет Темирбулатовна Раисова, м.ғ.д., профессор, 1993 жылдан 1998 жылға дейін кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Профессор А.Т. Раисованың және шәкірттерінің зерттеу жұмысының негізгі бағыты гормоналды бұзылулардың түсік патогенезіндегі рөлі және бірқатар гинекологиялық ауруларды зерттеу болды. Оның жетекшілігімен 8 кандидаттық диссертация қорғалды.
Айгерим Мжаверовна Дощанова, м.ғ.д., профессор, 1998 жылдан 2008 жылға дейін кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Профессор А.М.Дощанованың және оның шәкірттерінің зерттеу жұмысының ғылыми бағыты генитальды эндометриозды диагностикалау және емдеу әдістерін оптимизациялау, сондай-ақ кесарь тілігінен кейін жатыр тыртығының жай-күйін және жатыр тыртығы бар әйелдердің табиғи босану жолдары арқылы босану көрсеткіштерін анықтау әдістерін іздестіру болды. Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 40 кандидаттық диссертация қорғалды.
2006 жылы кафедра қайта құрылды, №1, №2 және №3 акушерлік-гинекологиялық үш кафедра ұйымдастырылды.
Омарова Гүльжахан Кашкинбаевна м.ғ.д., профессор 2006-2019 жылдар аралығында №1 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2008 жылы докторант диссертациясын «Босанбаған әйелдерде жасанды түсік жасатқаннан кейін болатын жүйелік аурулар мен оларды түзету жолдары» тақырыбындадокторлық диссертация қорғады. Сонымен қатар Г.К. Омарова 140-тан астам ғылыми жұмысы бар, оның ішінде 11 рационализаторлы ұсыныстар мен патенттер, постерлік баяндамалар және халықаралық конгресстердегі баяндамалар.
Лира Каббасовна Калиева м.ғ.д., профессор, 2008 – 2017 жылдар аралығында №2 акушерлік және гинекология кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Л.К.Калиеваның докторлық диссертациясы диагностикалық әдістерді оптимизациялау, гениталды туберкулезді консервативті және хирургиялық емдеу мәселелеріне арналған.
№2 акушерия және гинекология бөлімінің ғылыми бағыты – гениталды эндометриоздың диагностикалық әдістері мен емін жетілдіру және босану кезінде жедел гистерэктомия жасалған әйелдердің оңалтуын жетілдіру.
Исенова Сауле Шайкеновна м.ғ.д., профессор, 2017-2019 жылдары №2 акушерлік және гинекология кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Докторлық диссертация тақырыбы: «Микоплазма инфекциясы кезіндегі акушерлік және перинаталды асқынулар дамуының патогенетикалық механизмдері». 180-нен астам ғылыми еңбектері, соның ішінде импакт-факторы бар журналдарда 2 монография, 5 әдістемелік ұсыныс, 1 перинатологиядағы жедел медициналық көмекке арналған нұсқаулық, 3 оқу құралы жарық көрді.
Миреева Алла Эвельевна мғ.д., профессор, 2017-2019 жылдар аралығында №3 акушерлік және гинекология кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Кесарь тілігі және жатырда тыртығы бар жүкті әйелдерді босандыру». 60 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 оқу-әдістемелік құралдың, 3 әдістемелік ұсыныстың, 5 өнертабысқа арналған патенттің авторы.
2019 жылдың қыркүйегінде №1, №2, №3 акушерлік және гинекология кафедрасының бірігуі болды.
Гани Жандиярович Бодыков, м.ғ.к., профессор, 2019-2021 жылдар аралығында кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Жоғары санатты акушер-гинеколог, жоғары біліктілік санатындағы ұйымдастырушы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Ұлттық Медициналық Ассоциасы төс белгісімен, ҚР ДМ «Алтын дарігер», «Ave Vitae» алқасымен марапатталған.Медицина қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағында арнайы қызметі үшін ол «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бищекова Балзира Нагашыбаевна м.ғ.к., профессор 2021 жылдың наурызынан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы. Кандидаттық диссертацияның тақырыбы «Зобты эндемия аймағында тұратын әйелдердің репродуктивті жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері». 2004 жылдан бастап – акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, 2017 жылдан бастап кафедраның оқу ісінің меңгерушісі, 2019 жылдан бастап кафедра профессоры болып қызмет атқарады. Б.Н. Бищекова 92 басылымның, оның ішінде 5 оқулықтың, 3 инновациялық патенттің авторы.
Қазіргі уақытта кафедрада 25 штаттық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 2 медицина ғылымдарының докторы және 8 медицина ғылымдарының кандидаты.
Кафедра жалпы медицина, педиатрия факультетінің IV – V курс студенттері, интерндер мен акушерия және гинекология мамандығы бойынша резиденттерді дайындайды. Оқу процесінде кафедра қызметкерлері интерактивті және инновациялық оқыту әдістерін енгізіп, белсенді қолданады.
Кафедра сонымен бірге 1, 2, 3 оқу жылындағы 9 PhD докторанттары білім алуда. Ғылыми кеңесшілері – академик В.Н.Локшин, профессор С.Ш.Исенова, профессор Г.К.Омарова, м.ғ.к, доцент Н.Ж.Жардемалиева, м.ғ.к., доцент Р.К.Валиев болып табылады.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Исенова Сауле Шайкеновна, м.ғ.д., профессор.
Қазіргі уақытта кафедрада 30 штаттық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 4 медицина ғылымдарының докторы және 10 медицина ғылымдарының кандидаты.
Кафедра “Жалпы медицина”, “Педиатрия”, “Стоматология” мамандығы бойынша IV–VI курс студенттері мен “Акушерия және гинекология” мамандығы бойынша резиденттерді дайындайды. Оқу процесінде кафедра қызметкерлері интерактивті және инновациялық оқыту әдістерін енгізіп, белсенді қолданады.
Кафедрада сонымен бірге PhD докторанттары білім алуда. Ғылыми кеңесшілері – академик В.Н.Локшин, профессор С.Ш.Исенова, профессор Г.К.Омарова, м.ғ.к, доцент Н.Ж.Джардемалиева, м.ғ.к., доцент Р.К.Валиев болып табылады.